• Басты
  • Қызылорда облысында «Ақ бұлақ» бағдарламасы аясында екі ауыл сумен қамтылды
17 Желтоқсан, 2014 15:03

Қызылорда облысында «Ақ бұлақ» бағдарламасы аясында екі ауыл сумен қамтылды

Қызылорда облысына «Ақбұлақ» бағдарламасы бойынша 2014 жылы барлық қаржы көздерінен 8 млрд. теңге бөлінді. Жыл басынан бері 200 шақырымнан астам ауыз су жүйелері жаңғыртылып, 3 нысан пайдалануға берілген болатын, деп хабарлады облыс әкімдігі.

Қызылорда облысында «Ақ бұлақ» бағдарламасы аясында екі ауыл сумен қамтылды | Strategy2050.kz

«Тәуелсіздік күні қарсаңында Тереңөзек кентіне қарасты Мәлібаев ауылы мен Жалағаш ауданы Бұқарбай батыр елді мекені таза ауыз суға қосылды. Салтанатты шараға облыс әкімі Қ.Көшербаев қатысты», - делінген хабарламада.

Сырдария ауданындағы Мәлібаев ауылы өткен жылы Тереңөзек кентіне қосылған. 1500 тұрғыны ауылдағылар ауыз суды осыған дейін тасып ішті. «Ақбұлақ» бағдарламасы бойынша барлық үйге су құбырлары тартылды.  

Жалағаш ауданы Бұқарбай батыр ауылы да Тәуелсіздік күні қарсаңында таза ауыз суға қосылып отыр. 

Жыл аяғына дейін бағдарлама аясында облыста 7 жобаның құрылысын аяқтап, пайдалануға беру жоспарланып отыр. нәтижесінде 50 шақырым ауыз су жүйелері жаңғыртылып, 961 дана су есептегіштері орнатылатын болады.

 

ҰСЫНЫЛАДЫ
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды