- Басты
- Жаңалықтар
- Финляндияда Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні аталып өтті
Финляндияда Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні аталып өтті
«Қазақстанның Елшілігімен ұйымдастырылған салтанатты қабылдауда елімізбен ынтымақтастықты дамытуға қызығушылық білдіріп отырған финдік саяси және бизнес-элитасының өкілдері жиналды. Олардың арасында – Парламент депутаттары, соның ішінде Қазақстанмен достық парламенттік тобы, Хельсинкиде тіркелген дипломатиялық өкілдіктерінің басшылары, ғылым және мәдениет қайраткерлері, қоғамдық-саяси және іскерлік топтардың өкілдері, сондай-ақ Финляндияда оқып жүрген қазақстандық студенттер», - делінген хабарламада.
Қазақстанның Елшісі Ғалымжан Қойшыбаев өзінің сөзінде Елбасының «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» Жолдауындағы жаңа экономикалық саясаты туралы мәлімдеді. Ол оның елдің тұрақты дамуын қамтамасыз етуге бағытталғанын атап өтіп, Қазақстан-2050 Стратегияны дамыту шеңберіндегі екі жақты ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын белгіледі.
Қабылдаудың салтанаттылығын екі жақты ынтымақтастықты дамытуға қосқан үлестері үшін фин қоғамының өкілдерін марапаттау рәсімі ерекше мән берді. Фин әріптестері өз сөздерінде Қазақстанның басшылығына алғысын білдіріп, бүкіл халыққа табыс пен амандық тіледі.
Кештің басында қойылған қазақтың ұлттық әуендері «Эстония» ұлттық операсы квартетінің орындауындағы классикалық еуропалық шығармалармен алмастырылды. Қонақтар қазақтың дәстүрлі тағамдарынан дәм татты.
Фин оқырмандарына Қазақстан туралы кітаптар мен фотоальбомдар, Елбасының «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» Жолдауының ағылшын тіліндегі кітапшалары және басқа да имидждік материалдар ұсынылды. Осы күні ағылшын тіліндегі «The Helsinki Times» газетінде Қазақстанға арналған арнайы шығарылым жарияланды.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
III Нобель фестивалі: Екінші күнінің қорытындылары -
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз»