Тәуелсіздік күні қарсаңында Ақмола облысында 4 балабақша ашылды

17 Желтоқсан, 2014 10:35
Тәуелсіздік күні қарсаңында Ақмола облысында 4 балабақша ашылды, деп хабарлады облыстың ішкі саясат басқармасы.

«Тайтөбе, Қажымұқан, Қызылжар, Новоишимка ауылдарында жаңа балабақшалар ашылды», - делінген хабарламада.

Тайтөбе және Қажымұқан ауылдарындағы балабақшалар 140 балаға арналған болса,  Қызылжар, Новоишимкадағысы 100 және 220 орындық, қазіргі заманғы талаптарға сай жабдықталған.  

Қоянды ауылында ТКШ саласында екі нысан пайдалануға берілді. Сондай-ақ, мұнда тұрғын үй құрылысы және сумен жабдықтау нысандарына ұзындығы 50 шақырым электртарату желісі іске қосылды.

Жақын күндері Ақмол селосында 36 адамға жаңа пәтердің кілтін тапсыру және "Нұр Отан" партиясының аудандық филиалының жаңа ғимаратын іске қосу  жоспарланған.

Барлық жаңалықтар