Көкшетауда Тәуелсіздік күніне орай балабақша ашылды (Фото)

16 Желтоқсан, 2014 14:32
Еліміздің басты мерекелерінің бірі - ҚР Тәуелсіздік күніне орай Көкшетауда 240 орындық балабақша есігін айқара ашты, деп хабарлады облыс әкімдігі.

«Облыс орталығындағы Жайлау шағынауданында жаңадан салынған 240 бүлдіршінге арналған Мерей балабақшасының ашылу салтанатына қатысқан облыс әкімі Сергей Кулагин балабақша ұжымы мен ата-аналарды Тәуелсіздік мерекесімен тұспа-тұс келген осынау қуаныштарымен құттықтады», - делінген хабарламада.

Еске сала кетсек, аталған балабақшаның құрылысына облыстық бюджеттен 635 миллион теңге қаржы бөлінген болатын. Құрылыс жұмыстарын мердігер Модуль-2030 компаниясы жүргізген.

 Мұнда 14 топ болса, оның 2-уі коррекциялық, психикалық дамуы нашар балаларға арналған. Сондай-ақ, ұжымда 45 педагог жұмыс істейтін болады.

 

Барлық жаңалықтар