- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан заман көшіне ілесіп емес, оның алдында келеді - Президент
Қазақстан заман көшіне ілесіп емес, оның алдында келеді - Президент
«Біз елдің тарихи дамуын түбегейлі өзгерттік. Еліміз қазіргі таңда заман көшіне еруі былай тұрсын, одан озып келе жатыр. Алдымен 2030 Стратегиясын жар салған еліміз енді 2050 Стратегиясына ұмтылып отыр. Жыл сайын еліміз өзінің жаңаша даму жолына түсуде. 2050 жылға дейінгі Қазақстанның даму Стратегиясы миллиондаған халықтың жолы. Бұл біздің ата-бабамыздың салған жолының заңды жалғасы. Тарихи датаға дейін енді 36 жыл қалды. 2050 жылы тәуелсіздік құрдастары елдің аға буын өкілдеріне айналады», - дейді Н.Назарбаев.
Алтай мен Атыраудың, Сырдария мен Есілдің арасындағы еліміздің жылнамасы алтын әріппен жазылған ардақты күн, деді ол.
«Жер бетінде мыңдаған ұлыстар мен ұлттар бар, біз дербес мемлекет құру бақытына ие болған 193 ұлттың біріміз. Адам басына бақыттың қонуы бір бөлек, сол бақытты бағалай білудің жөні бір бөлек. Тәуелсіздік алған елдердің барлығында тұрақтылық пен татулық ұйып, дамудың даңғылына түсе қойған жоқ. Тәуелсіздік тарихтың сыйы немесе бүгінгінің меншігі емес, ол өткен бабалардың алдындағы қасиетті борыш, келешек ұрпақтың алдындағы зор жауапкершілігіміз. Біз тәуелсіздігімізді тәу етіп, тәуба етіп тәуекелмен болашаққа бет түзеп келе жатқан халықпыз», - деген Елбасы еліміздің тұмары, елдігіміздің шынары болған тәуелсіздік күнімен барша қазақстандықтарды құттықтады.
Камила Амирова
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
Көлеңкелі экономикамен күрес: Президент тапсырмалары қалай орындалып жатыр -
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз»