- Басты
- Жаңалықтар
- Мембюджеттің қысқаруы әлеуметтік шығындарға әсер етпейді - Елбасы
Мембюджеттің қысқаруы әлеуметтік шығындарға әсер етпейді - Елбасы
«Құрметті қазақстандықтар қазір оңай емес кезеңдерді бастан кешірудеміз. Бүгінде әлемнің барлық елдері мен халықтары үшін оңай емес. Әлем нарықтары көмірсутегі, металл, басқа да өнімдерге бағаны төмендету арқылы әрекет етуде, ол өз кезегінде экспорттау мен қаржы табудың негізгі тетігі болып табылады. Бізге де оңай соқпасы анық, себебі біз әлемдік экономиканың бір бөлшегі болып табыламыз және осыны барлығымыз назардан шығармағанымыз жөн. Мұның бәрі бізді бекітіліп қойған бюджетті қысқарту қадамдарына баруға мәжбүрлеп отыр», - деді Н.Назарбаев.
«Бірақ, Мембюджеттің қысқаруы – мұның әлеуметтік шығындарға еш қатысы болмайды. Өздеріңіз білетіндей, мен үкіметке мемлекеттің халық алдындағы барлық әлеуметтік міндеттерін орындау бойынша тиісті тапсырмаларды беріп қойдым», - деді Қазақстан Президенті.
Бүгінде Үкімет пен Ұлттық банк алдында тағы екі маңызды міндет тұр, экономиканы долларсыздандыру және инфляциялық нысаналау жүргізу.
«Олар «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясатының құрамына енуі керек. Дағдарыс өтеді, қиындықты өткергеннен кейін бұрын жүргізген саясатқа қайта ораламыз, барлық бағыт бойынша қалпына келтіру жұмыстарын жүргіземіз. Дағдарыстар ұзаққа созылмайды. Біз шаралар қабылдап, дағдарыс кезінде жаңа экономикалық саясатты жүзеге асыру үшін жыл сайын 3 млрд доллар бөлуді қарастырып қойдық», - деді Мемлекет басшысы.
Камила Амирова
-
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделі -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
Шетелдік сарапшы: “Елбасы мен ел президентінің съезді өткізудегі еңбегін жоғары бағалаймын” -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
Әлеуметтік жобаға өтінім қабылдау басталды: Мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Қарттар күні: Зейнеткерлерді әлеуметтік қолдау шаралары -
Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет ала алатын қазақстандықтардың тізбесі кеңейтілді -
Азаматтарды әлеуметтік қорғау: Заң жобасына енгізілген өзгерістер мен оның мүмкіндіктері -
Әлеуметтік маңызы бар азық-түліктердің бағасы: Қай өңірлерде қымбаттады -
І жартыжылдықта әлеуметтік төлемдер бойынша 390 мыңға жуық қызмет көрсетілді -
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары қанша пайызға қымбаттады -
Пандемия Қазақстан экспортына қалай әсер етті