- Басты
- Жаңалықтар
- Баршамызды Тәуелсіздіктің Ұлы Рухы жебейді, біріктіреді, бойымызға қуат беріп, сенімімізді нығайтады – Н.Назарбаев
Баршамызды Тәуелсіздіктің Ұлы Рухы жебейді, біріктіреді, бойымызға қуат беріп, сенімімізді нығайтады – Н.Назарбаев
«Бүгін біз тарихтың жаңа толқынына шығып отырмыз. Ол бүгінде көк байрағын шалқытып, әлем тарихына мөрін басқан тәуелсіз Қазақстан. Ғасырлар бойғы халқымыздың арманы 1991 жылы 16 желтоқсанда, бүгінгі буынның тарихи таңдауына айналды. Бұл күн өз тағдырымызға өзіміз қожалық етіп, өз болашағымызды өзіміз айқындауға қолымыз жеткен ұлы күн болды. Тәуелсіздік күні тарихи әділет салтанат құрып, азаттық үшін төгілген өлшеусіз қанның өтеуі қайтқан ұмытылмас және сан дәуір өтсе де ұрпақтарымыз ұлықтап отыратын күн. Бізді тәуелсіздіктің асқақ рухы біріктіріп отыр. Ол әр туған сәбиде, көк аспанда, қала мен ауылда көрініс табады. Ол біздің экономикамыздың дамуымен, әрбір жаңа индустриалды жобамен, астықтың көбеюімен өседі, нығая түседі», - деді Елбасы.
Тәуелсіздік – бұл халықтың ұлы бірлігі, оның мәдениеті мен тарихының тұтастығы, деді Н.Назарбаев. «Тәуелсіздік ата –бабаларымыздың қаны мен терінің арқасында жеткен ұлы мұра. Дана халқымыздың ішкі және сыртқы саясатының нәтижесі. Бұл достықтың, қолдаудың, бірліктің белгісі. Біздің 2050 жылға дейінгі Стратегиямыз, халық даналығының көрсеткіші», - деді Президент.
«Тәуелсіздік көптің еңбегімен келген жеңіс. Бұл ұлттық байлықты көбейтіп жатқан оқушылар мен студенттердің, мамандардың еңбегі», - деді Мемлекет басшысы.
Камила Амирова
-
COVID-19: Сингапурде антиковидтік шаралар күшейтілді, ал Ұлыбританияда коронавирустық жағдайлар 15%-ға артқан -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Жақыпбек Алтайұлы, философ, профессор: Абай аты мен мұрасы - қазақтың бренді -
Қажырлы қаламгер – Қалмұқан Исабаев -
Ауыл әкімін сайлау – жергілікті басқарудың реформасы -
Отанға мінсіз қызмет ету – борышымыз -
Кәсіпкер: COVID-19-дан қорғанудың ең тиімді әдісі – вакцина алу -
Тоқаев: Ұлы Отан соғысы жауынгерлерінің ғажайып ерлігі халқымыздың жадында мәңгі сақталады -
Тоқаев пpезиденттiгiне – 2 жыл: Қандай маңызды шешiмдеp қабылданды -
Сарапшылар пікірі: «Президент тапсырмасы – адам құқығын қорғау тетіктерін күшейтуге бағытталған» -
«Ауыл – ел бесігі»: Жол, тұрғын үй мәселелері мен білім, денсаулық саласындағы өзгерістер -
COVID-19: Ұлыбритания, Чехия және Польша шектеу шараларын жеңілдетті, ал Болгарияда ТЖ режимі ұзартылмақ -
Мектеп қауіпсіздігі – маңызды міндет -
Ана мен баланы қорғау – мемлекет дамуының кепілі -
Отан қорғаушылар күні: Егемендіктің қадір-қасиеті – ел тыныштығында