- Басты
- Жаңалықтар
- Сенаторларға мемлекеттік наградалар табыс етілді
Сенаторларға мемлекеттік наградалар табыс етілді
«Тәуелсіздікке қол жеткізген алғашқы тарихи сәттен бері Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қажырлы еңбегі мен салиқалы басшылығының арқасында Қазақстанның күш-қуаты артып, әлемде зор беделге ие болды», - деп атап өтті Сенат Төрағасы.
Қ.Тоқаев Мемлекет басшысының «Нұрлы жол» Жолдауында қазақстандықтардың алдына қойылған міндеттеріне назар аударды және жаңа экономикалық саясаттың «Қазақстан – 2050 Стратегиясын жүзеге асырумен тікелей байланысты екенін атап өтті. «Асқан көрегендікпен алысты болжай білген бұл сындарлы саясат – әлемдегі экономикалық, саяси дағдарыстарға қарамастан, мемлекеттің тұрақты экономикалық өсімін қамтамасыз етуге, халқымыздың әл-ауқаты мен өмір сүру сапасын жақсартуға, әрбір қазақстандықтың әлеуметтік қорғалуына бағытталған нақты бағдарлама», - деді Сенат Төрағасы.
Тәуелсіздік күні қарсаңында Қазақстан Республикасыны Президентінің Жарлығымен бір топ сенаторлар мен Аппарат қызметкерлері мемлекеттік және қоғамдық қызметі, елімізді әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамытудағы елеулі үлесі, сондай-ақ халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтқаны үшін мемлекеттік марапаттарға ие болды.
Сенаторлар Серік Ақылбай, Ертарғын Астаев, Рашит Ахметов, Михаил Бортник, Асхат Күзеков, Жеңіс Нұрғалиев «Парасат» орденінің иегері атанды.
Сенатор Жабал Ерғалиев «Құрмет» орденімен марапатталды.
Сенат Төрағасы Хатшылығының меңгерушісі Ерболат Сейлеханов және бас консультант Юрий Шекалин «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды. Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасы бас консультант Бақыткул Дүйсенбинаға табыс етілді.
Сенатор Талғатбек Абайділдин ЕурАзЭҚ ПАА-ның Құрмет грамотасымен, сенатор Мұхтар Алтынбаев және Сенат Аппараты Басшысының бірінші орынбасары Серік Сыдықов ҰҚШҰ ПА Құрмет грамотасымен марапатталды.
Одан басқа Жоғарғы Палата Бюросының Қаулысы бойынша Аппараттың бірқатар қызметкерлері Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Құрмет грамотасымен атап өтілді.
-
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Елордада карантин талаптары жеңілдетілді -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
COVID-19: Әлемнің қай елдерінде балаларға вакцина салуға рұқсат етілді -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
Жолдау 2021: Мемлекеттік қаржылыны тұрақтандыру және өңірлерді дамыту шаралары -
І жартыжылдықта әлеуметтік төлемдер бойынша 390 мыңға жуық қызмет көрсетілді -
Семей ядролық сынақ полигоны жабылуының 30 жылдығына орай АҚШ Мемлекеттік департаменті мәлімдеме жариялады -
Шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау шаралары -
Биыл «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 397 мыңнан астам адам қатысты -
Олимпиада ойындарын өткізу: шығын ба әлде табыс па -
Жамбыл облысы тұрғындарының табысын көбейтуге бағытталған пилоттық жоба қалай іске асуда -
Мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің жай-күйі қалай