• Басты
  • Жаңалықтар
  • Ли Кэцян: Қытай ШЫҰ аясында ауыл шаруашылығы саласында ынтымақтастық жасау үшін 50 млн доллар бөлуге дайын

Ли Кэцян: Қытай ШЫҰ аясында ауыл шаруашылығы саласында ынтымақтастық жасау үшін 50 млн доллар бөлуге дайын

15 Желтоқсан, 2014 15:59
Қытай ШЫҰ аясында ауыл шаруашылығы саласында ынтымақтастық жасау үшін 50 млн доллар бөлуге дайын. Бұл туралы бүгін Астанада өтіп жатқан Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің Үкімет басшылары кеңесінің кеңейтілген құрамдағы отырысында Қытай Мемлекеттік кеңесінің премьері Ли Кэцян мәлімдеді.

 «Қытай ұйымға мүше мемлекеттермен ауыл шаруашылығы саласында ынтымақтастық жасауға дайын. Біз ауыл шаруашылығы технологияларын таратуға және кадрларды дайындауға 50 млн АҚШ долларын бөлуге әзірміз», - деді Л.Кэцян. 

Сонымен қатар, Ли Кэцян  Қытай тарапының қоршаған ортаны қорғау саласы мамандарын дайындауға мүмкіндік жасап, денсаулық сақтау саласындағы байланыстарды нығайтуа әзір екендігін жеткізді.

«Біз ұлттық валюта мен  шығындарды реттеу бастамасын қолдаймыз. Сондай-ақ, экономикалық жағдайдың жаңа сын қатерлеріне төтеп беру мақсатында өзара сауда мен инвестициялар үшін жағымды жағдай жасауға әзірміз», - деді ол.

Айта кетейік, Бүгін Астанада Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше мемлекеттердің Үкімет басшылары кеңесі аясында ұйымға қатысушы мемлекеттер көшбасшылары кездесуде.

Кеңес отырысына Қазақстан Премьер-Министрі К.Мәсімов, Ресейден – Д.Медведев, Қырғызстаннан - Д.Оторбаев, Тәжікстаннан – К.Расулзада, Өзбекстанның премьер-министрінің бірінші орынбасары Рустам Азимов пен ҚХР Мемкеңес Премьері Ли Кэцян қатысуда.

Индира Қауметова 

Барлық жаңалықтар