- Басты
- Жаңалықтар
- Н.Назарбаев Қазақстанның танымал қайраткерлеріне мемлекеттік сыйлықтарды табыстады
Н.Назарбаев Қазақстанның танымал қайраткерлеріне мемлекеттік сыйлықтарды табыстады
Салтанатты шараны ашқан Нұрсұлтан Назарбаев Тәуелсіздік жылдары Қазақстан өз азаматтарының еңбегі арқасында мемлекет құру, экономиканы нығайту, әлеуметтік даму, елдегі достық пен тұрақтылықты сақтау ісінде зор табысқа жеткенін атап өтті.
«Жыл өткен сайын жетістіктеріміз еселеп артып келеді. Бұл да экономика, саясат және мәдениеттің барлық саласындағы еңбектің нәтижесі. Бүгін біз құрмет көрсетіп отырған жандардың бәрі кәсіпқойлығы арқасында өз ұжымдарында үлкен сый-құрметке және даусыз беделге ие болды. Мемлекеттік марапаттар олардың өлшеусіз үлестерін көрсетеді, – деді Қазақстан Президенті.
Нұрсұлтан Назарбаев өз еңбегімен, табыстарымен көзге түскен азаматтарды мемлекеттің лайықты бағалап отырғанына тоқталды.
««Қазақстанның Еңбек Ері» атағы өз өнері арқылы елімізді дүние жүзіне танытып келе жатқан Айман Мұсақожаеваға берілді. Ол өнерді шебер меңгеріп қана қоймай, қайраткерлігімен де көзге түсті. Бүгінде өзі басқаратын Ұлттық өнер университетін еліміздің маңдай алды музыкалық оқу орнына айналдырды. Ол жаңа елордада консерватория ашу ісіне алғашқылардың бірі болып үн қатты. «Әлем әртісі» атағына ие бола отырып, ол барлық халықаралық конкурстарға белсене қатысып келеді. Болашақта оны әсіресе өскелең ұрпақ тәрбиелеуге байланысты көп жұмыс күтіп тұр, – деді Мемлекет басшысы.
Қазақстан Президенті «Отан» орденімен марапатталған Г.Прокоптың қырық жылдан астам уақыт аграрлық салада еңбек еткенін, оның отыз жылға жуығын бір ғана кәсіпорынға арнағанын айтты.
«Үздік өндірістік көрсеткіштерімен қатар, ол басқаратын шаруашылық ауыл халқына әлеуметтік қолдау көрсету жағынан да үлгі етуге лайық, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Мемлекет басшысы II дәрежелі «Барыс» орденімен марапатталған Сейітхан Жошыбаев құрған кардиохирургия орталығы талай адамның өмірін сақтап қалғанын атап өтті.
Өнердегі ерен еңбегі үшін А.Әшімов I дәрежелі «Достық» орденімен марапатталды
« Асанәлі Әшімовтей тұлғаларды жас буынға ұлт зиялысы ретінде үлгі етуіміз керек, – деді Мемлекет басшысы.
Қазақстан Президенті «Құрмет» орденіне ие болған Ш.Умаров бірден төрт тілде білім беру ісіне негіз салған гимназияны отыз жылдан астам уақыттан бері басқарып келе жатқанын еске салды.
Мемлекет басшысы наградалармен тек өз қызметтік міндеттерін адал атқарғандар ғана емес, күш-жігері мен денсаулығын аямастан одан да үлкен іс тындырған жандар марапатталып отырғанын айтты.
« Өрт сөндіру бөлімшесінің командирі Рүстем Мусин отқа оранған үйден екі бірдей бүлдіршінді көтеріп алып шықты және тағы бір адамды құтқарып қалды. Оның жанқияр ісі «Ерлігі үшін» медалімен марапатталады, – деді Қазақстан Президенті.
Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік наградалармен түрлі қызмет саласының өкілдері марапатталғанын айтты.
« Бүгін жоғары наградалар ғалымдарға, мемлекет қайраткерлеріне, бизнес, қоғамдық ұйымдар өкілдеріне, мәдениет пен өнер, білім беру және денсаулық сақтау саласы қайраткерлеріне, өндірісшілерге, әскерилерге, құқық қорғау органдары қызметкерлеріне беріледі. Олардың әрқайсысының Қазақстанның игілігі жолындағы адал жұмыс тәжірибесі, шын мәнінде мақтан етуге тұратын еңбегі бар, – деді Мемлекет басшысы.
Қазақстан Президенті бүгінде мемлекет отандық мәдениет мен өнерге жан-жақты қолдау көрсетіп отырғанына тоқталды.
-
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
Жолдау 2021: Мемлекеттік қаржылыны тұрақтандыру және өңірлерді дамыту шаралары -
Семей ядролық сынақ полигоны жабылуының 30 жылдығына орай АҚШ Мемлекеттік департаменті мәлімдеме жариялады -
Шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау шаралары -
Қазақстанның геология саласын дамыту шаралары -
Биыл «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 397 мыңнан астам адам қатысты -
Мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің жай-күйі қалай -
Қандай білім беру ұйымдары мемлекеттік аттестаттаудан өтеді -
Қаржы саласы: Бюджетті жоспарлау, мемлекеттік сатып алуды жетілдіру және цифрландыру шаралары -
Қаржы министрлігі: Бюджет шығыстары мен кірістері, мемлекеттік активтерді басқару және мемлекеттік аудит