- Басты
- Жаңалықтар
- Әскери қызметшілер мемлекеттік наградаларға ие болды (Фото)
Әскери қызметшілер мемлекеттік наградаларға ие болды (Фото)
«2-дәрежелі «Даңқ» орденімен ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-майор Т. Мұхтаров, сондай-ақ «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы генерал-майор М. Бектанов наградталды», - делінген хабарламада.
2- дәрежелі «Айбын» ордені ҚР ҚК Бас штабы Жауынгерлік даярлық департаментінің бастығы полковник Х. Ілиясов пен Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының бастығы полковник К.Садықовқа табыс етілді.
Сонымен қатар 2-дәрежелі «Айбын» орденімен қаза тапқан офицерлер – 21751 әскери бөлімінің командирі полковник Е.Науанов пен штаб бастығы полковник Д. Горбунов наградталды. Жоғары кәсіби шеберлігі мен әскери қызметті үлгілі атқарғаны үшін Әуе қорғанысы күштері бас штабы бастығының орынбасары – ӘҚК бас қолбасшысы басқармасы штабы Ұйымдастыру-жұмылдыру бас басқармасының бастығы полковник К. Ахметов «Құрмет» орденімен атап өтілді. Бірқатар әскери қызметшілер «Ерлігі үшін», «Жауынгерлік ерлігі үшін» медальдарымен наградталды.
20-дан астам әскери қызметшіге кезекті әскери атақтар мерзімінен бұрын берілді. Олардың қатарында 85395 әскери бөлімі мотоатқыштар батальонының командирі капитан Ж. Сатқынов, 68665 әскери бөлімі барлау ротасының командирі аға лейтенант Е. Қалиев, 30212 ә/б оқу танк взводының командирі Г. Шортанбаевтар бар.
-
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Әскери-қорғаныс өнеркәсібінің даму перспективалары -
Отандық ғалымдар медицина саласында сұранысқа ие инновациялық өнім әзірледі -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
Бақытжан Мәуленбердиев: Құтқарушы ең алдымен ержүрек әрі батыр болу керек -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Пациентті қолдау қызметі қалай жұмыс істейді -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары -
Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарындағы коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары