ШҚО-да «Тұлпар-Тальго» жүрдек пойызының үшінші бағыты ашылды (Фото)

15 Желтоқсан, 2014 19:38
Шығыс Қазақстанда «Тұлпар-Тальго» жүрдек пойызының үшінші бағыты ашылды, оның арқасында Өскеменнің тұрғындары елордаға 16 сағат 50 минут ішінде жете алады, деп хабарлады ШҚО ақпараттық орталығы.

«№68/67 жаңа жолаушылар тасымалдаушы поезы 23 вагоннан тұрады, Астанадан Өскеменге 15 желтоқсан күні сағат 14-00-де келді. Жол уақыты 16 сағат 50 минутты құрады», - делінген хабарламада.

Жүрдек пойыз 2014 жылдың 14 желтоқсанында іске қосылды. Келесі күні бірден «Защита» темір жол вокзалында пойызды салтанатты түрде қарсы алды. №68/67  хабарласымен «Астана»- «Защита» бағытындағы пойыз «Ертіс» деген атауға ие.  Пойызды салтанатты түрде қала жұртшылығы мен басшылық қарсы алды.

«Біз салтанатты түрде екінші рет «Тұлпар-Тальго» жолаушылардың пойызын қарсы алдық. Шара ҚР Тәуелсіздік күні қарсаңында өткізілді. Заманауи мемлекетті дамымаған көлік инфрақұрылымынсыз елестету қиын», - деді қала әкімі Темірбек Қасымжанов.

Айта кетерлігі, «Тұлпар-Талго»  аптасына 3 рет қатынайды. Пойыз 23 вагоннан тұрады, оның ішінде 19 «Турист» деңгейі, 1 вагон-мейрамхана, 1 вагон-бар, 2 техникалық вагон.

Барлық жаңалықтар