М.Ысқақов: Тәуелсіздік күні – мемлекетіміздің дамуының берік негізі

15 Желтоқсан, 2014 16:07
Тәуелсіздік – бұл бостандық пен бірліктің символы, мемлекетіміздің дамуының берік негізі болып табылады, деді Strategy2050.kz ақпараттық агенттігіне берген сұхбатында ҚР ІІМ ТЖ департаментінің бастығы, генерал-майор Мейрам Ысқақов.

«Бұл барша қазақстандықтар үшін ортақ мереке, өз мемлекетінің тағыдыры үшін жауапты, әрі Қазақстанның біртұтас халқының мерекесі», -  деді ол.

Ол атап өткендей, тұрақтылық пен ұлтаралық бірлік – біздің басты көрсеткішіміз. «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Жолдауында  Елбасымыз атап өткендей, бірлігіміз жарасқан, толерантты болып, қазақстандықтар арасында сеніміділік арттыруымыз қажет. Бұл – Қазақстанның болашағының кілті.

«Осы күні Қазасқтанның азаматтары ата-балаларымыз армандағын бостандық пен тәуелсіздікті таңдады. Біздің ұрпаққа аталмыш қасиетті өсиетті орындау мүмкіндігі туды.  Біз өзіміздің жеке, әлемдік қауымдастық мойындаған қазақстандық жолымызды бастадық», - деді М.Ысқақов.

Тәуелсіздіктің әр жылымен біз сенімді, әрі мықты мемлекетке айналудамыз. Біз өз тарихымызды білеміз, бастан кешірген күндерімізге баға беріп, мемлекеттің дамуындағы оң өзгерістер мен саяси тұрақтылықты көрудеміз, деп атап өтті ол.

Барлық жаңалықтар