• Басты
  • Жаңалықтар
  • Астанада Тәуелсіздік күні қарсаңында полицияның 300 қызметкері шаңғы жарысына қатысты

Астанада Тәуелсіздік күні қарсаңында полицияның 300 қызметкері шаңғы жарысына қатысты

15 Желтоқсан, 2014 19:59
Астанада Тәуелсіздік күні қарсаңында полицияның 300 қызметкері шаңғы жарысына қатысты, деп хабарлайды ҚР ІІМ.

«Ішкі істер департаментінде Қазақстан Республикасы мемлекеттік мерекелерін басшылық, жеке құрам мен ардагерлердің қатысуымен өтетін спорттық шаралармен атап өту игі дәстүрге айналды», - делінген хабарламада.

Спорттық шараларға қатысу үшін қалалық парктегі шаңғы-роллерлі база аумағында елорда полициясы гарнизонының 300 шақты қызметкері жиналды. Ведомствоның хабарлауынша, тәртіп сақшылары 5 шақырымдық қашықтықта шаңғымен жарысты.

Елордалық ІІД басшысы полиция генерал-майоры Амантай Әубакіров барша әріптестерін Тәуелсіздік күні мерекесімен құттықтай келіп, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев дене шынықтыру мен спортты дамытуға ерекше көңіл бөліп жатқанын айта келіп, спорттың кісіні өзін өзі дамытуы мен тәрбиелеуіндегі ерекше орнына тоқталды.

Барлық жаңалықтар