- Басты
- Жаңалықтар
- Қазалының 30 отбасы баспаналы болды (Фото)
Қазалының 30 отбасы баспаналы болды (Фото)
18 пәтерлік көпқабатты тұрғын үйдің құрылысына облыстық бюджеттен 200,1 млн. теңге бөлінді. 3 қабатты нысан ауыз су, кәріз, жылу жүйесі орталықтандырылған жүйеге қосылған. Сонымен қатар, мердігер мекеменің демеушілігі есебінен әр пәтерге «ОТАУ ТВ» спутниктік телеарнасы орнатылды. Айта кетейік, жаңа үйге өткен жылы өрттің салдарынан баспанасыз қалған жандар қоныстанды.
Ал «Қолжетімді баспана – 2020» бағдарламасымен салынған 12 арендалық үй Ұлы Отан соғысына қатысушы, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, әлеуметтік жағынан осал топтарға және бюджеттік сала қызметкерлеріне берілді.
«Өсіп-өркендеп келе жатқан халқымызды қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету басты міндеттеріміздің біріне айналды. Қазалы ауданы бойынша биылға жоспарланған 2800 шаршы метрді құрайтын тұрғын үйлердің құрылысы толығымен аяқталып, Сіздердің игіліктеріңізге пайдалануға беріліп отыр. Бүгін, міне, Сіздер жаңа үйге қоныс аударып, "Қоныс тойын" жасау мүмкіндігіне ие болып отырсыздар. Бұл Тәуелсіздігіміздің тұғырлығының жемісі», - деді облыс әкімі Қ.Көшербаев.
Биыл облыс бойынша 36 мыңға жуық шаршы метрді құрайтын тұрғын үй құрылысына мемлекет қазынасынан 7 млрд. 981 млн. теңге бөлінді. Жоспар бойынша жыл соңына дейін барлығы пайдалануға берілетін болады.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Тәуелсіздікке 30 жыл: Ұлттық бірлікті нығайтудағы ҚХА рөлі -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
Қиын жағдайға тап болған көп балалы отбасыларға көмек беру жолдары қандай -
Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарындағы коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Атырау және Қызылорда облыстарында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
ІІМ: Балаларға қарсы қылмыстардың жолын кесу және есірткінің таралуын болдырмау шаралары -
Семей ядролық сынақ полигоны жабылуының 30 жылдығына орай АҚШ Мемлекеттік департаменті мәлімдеме жариялады -
Елордада орта есеппен күн сайын 300 адам ауруханаға түседі