- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан технологиялық кластерді дамыту үшін британ тәжірибесін зерттеуде
Қазақстан технологиялық кластерді дамыту үшін британ тәжірибесін зерттеуде
Сапардың негізгі мақсаты «Нұрлы жол – Болашаққа бастар жол» жаңа экономикалық саясатына сәйкес, Қазақстанда IT технологиялары мен инновацияларды дамыту үшін британ тәжірибесін зерттеу және оны келешекте Қазақстандағы технологиялық кластерледің енгізілуінде пайдалану болып табылады.
Лондонның орталығы мен шығысының шекарасында орналасқан TechCity Сан Франциско және Нью-Йорктен кейін әлемнің ірі технологиялық кластері болып саналады. Оның құрылуында Cisco, Facebook, Google, Intel және McKinsey & Company шешуші роль атқарғанын атап өткен жөн.
TechCity-дің бас атқарушы директоры Жерар Грек кластердің құрылу тарихы, бар техникалық экожүйенің жұмысы, сонымен қатар британ және американдық модельдердің негізгі айырмашылықтары жөнінде ақпарат берді.
«Lastminute.com»-ның негізін қалаушы Алекс Хоуи кластердің барлық техникалық компаниялары орналасқан «The Runway» орталығын көрсетті.
Кластер аймағында жетекші білім беру институттары, атап айтқанда Imperial Innovations, Loughborough University және University College London бар.
Орталықта, сонымен қатар қаржы және кәсіби қызмет көрсететін Barclays, KPMG, McKinsey & Company, Silicon Valley Bank, Capco, Taylor Wessing компаниялары орналасқан.
Соңғы жылдары Британияның сандық индустриясы ел экономикасының қарқынды дамушы салаларының қатарында. Аталмыш сектордың Британия ЖІӨ-дегі үлесі 5 пайызды немесе 72 млрд. фунтты құрайды.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады