- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан мен Қытай 14 млрд АҚШ долларын құрайтын келісімге қол қойды
Қазақстан мен Қытай 14 млрд АҚШ долларын құрайтын келісімге қол қойды
Келіссөздер барысында Қазақстан-Қытай ынтымақтастығының сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы жағдайы мен перспективалары талқыланды.
Атап айтқанда, энергетикалық кешендегі, АӨК-тегі, мұнай-газ секторындағы, экономиканың басқа да салаларындағы іскерлік әріптестікті кеңіту және нығайту мәселелері қаралды. Үкіметтер басшылары сондай-ақ өңіраралық және шекаралық ынтымақтастықты одан әрі тереңдету аспектілерін, екі елдің транзиттік-көліктік әлеуетін бірлесіп пайдалану жолдарын талқылады.
Тараптар өзара тауар айналымын арттыруға бағытталған екі жақты ынтымақтастықты одан әрі арттыру жайлы айтты.
Келіссөздер қорытындысы бойынша Кәрім Мәсімов пен Ли Кэцян бірлескен мәлімдемеге қол қойды. Рәсім аясында Қазақстан мен Қытайдың қаржы-экономикалық саласындағы ынтымақтастығына қатысты құжаттарға қол қойылды.
Одан кейін өткен брифингте Үкіметтер басшылары келіссөздерді қорытындылап, қазақстандық және қытай БАҚ сұрақтарына жауап берді.
«Біз екі жақты ынтымақтастықтың кең ауқымы бойынша уағдаластықтарға қол жеткіздік. Келіссөздер қорытындысы бойынша екі елдің ведомстволары арасында келісімдердің үлкен пакетіне қол қойылды. Олардың жалпы жиынтық сомасы 14 млрд. АҚШ долларын құрады», - деп мәлімдеді Қытай Мемлекеттік кеңесінің Премьері.
Өз кезегінде Қазақстан Премьер-Министрі өткізілген келіссөздердің екі жақты байланыстарды одан әрі дамытудағы маңыздылығын атап өтті.
«Тар және кеңейтілген құрамдағы келіссөздер аясында елдеріміздің арасындағы сауда-экономикалық өзара қарым-қатынастың барлық спектрін талқыладық. Маңызды үкіметаралық құжаттарға қол қойылды, іс жүзіндегі іс-қимылдармен екі ел арасындағы ынтымақтастықты толықтыратын тағы да бірқатар маңызды келісімдерге қол қою күтілуде», - деді К.Мәсімов.
Ол сондай-ақ ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин ұсынған жаңа Жібек жолының экономикалық белдеуін салу идеясына қолдау көрсетіп, сонымен бірге «осы бағдарлама мен Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев айтқан «Нұрлы Жол» бағдарламасы бірін-бірі өзара толықтыратынын» атап өтті. «Бұл бағдарламалар елдеріміздің арасындағы ынтымақтастықты тереңірек дамытуға және нығайтуға мүмкіндік береді», - деп баса айтты К.Мәсімов.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары