• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстан мен Қырғызстан Үкімет басшылары екі елдің сауда-экономикалық ынтымақтастығының бірқатар мәселелерін талқылады

Қазақстан мен Қырғызстан Үкімет басшылары екі елдің сауда-экономикалық ынтымақтастығының бірқатар мәселелерін талқылады

15 Желтоқсан, 2014 10:49
Үкімет үйінде Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Қырғыз Республикасының Премьер-Министрі Джоомарт Оторбаевпен кездесті, деп хабарлады Премьер-Министрдің ресми порталы.

Үкіметтер басшылары сауда-экономикалық және инвестициялық салалардағы мәселелерді, сондай-ақ алдында қол жеткізілген келісімдерді жүзеге асыру барысын талқылады. 

Тараптар елдер арасындағы өзара іс-қимылды кеңейту үшін айтарлықтай әлеуетті баса айтып, қазақстандық-қырғыз серіктестігінің жоғары деңгейін атап өтті.

Барлық жаңалықтар