• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстан мен Ауғанстан мемлекетаралық қатынастардың өзара іс-қимылын талқылады

Қазақстан мен Ауғанстан мемлекетаралық қатынастардың өзара іс-қимылын талқылады

15 Желтоқсан, 2014 09:33
Үкімет үйінде Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Ауғанстан Ислам республикасының атқарушы билігі басшысы Абдулла Абдулламен кездесті, деп хабарлады Премьер-Министрдің ресми сайты.

Кездесу барысында К.Мәсімов пен А.Абдулла сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастық перспективаларын талқылап, өңір қауіпсіздігі мәселелері бойынша пікір алмасты.

Келіссөздер қорытындысы бойынша тараптар мемлектаралық қатынастардың барлық спектрі бойынша өзара іс-қимылды тереңдету жайлы айтты.

Барлық жаңалықтар