- Басты
- Жаңалықтар
- Н.Назарбаев: Қазақстан мен Ресей арасындағы ынтымақтастық толық сенім негізінде дамып жатыр
Н.Назарбаев: Қазақстан мен Ресей арасындағы ынтымақтастық толық сенім негізінде дамып жатыр
«Кездесу барысында сауда-экономикалық, энергетикалық және көлік-транзиттік салалардағы екіжақты ынтымақтастықтың басым бағыттары қаралып, интеграциялық құрылымдар аясындағы ықпалдастық мәселелері талқыланды», - делінген хабарламада.
Нұрсұлтан Назарбаев пен Дмитрий Медведев өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті жайттар туралы да сөз қозғады.
Қазақстан Президенті біздің ел мен Ресейдің арасындағы ынтымақтастық толық сенім негізінде дамып жатқанын айтты.
«1 қаңтардан бастап біздің мемлекеттеріміз Еуразиялық экономикалық одақ аясында ықпалдасатын болады. Қазіргі кезде сауданың төмендегені айтылуда, бірақ ол ақшалай мәнге қатысты байқалып отыр, ал ынтымақтастықтың нақты көлемі өсіп, бірлескен кәсіпорындар дамып келеді. Баға конъюнктурасы жақсарған кезде көрсеткіштер де жақсы жағына қарай өзгеретін болады. Ортақ кедендік шекара, адамдар мен жүктердің еркін қозғалысы елдеріміз үшін зор игілік болып саналады», – деді Мемлекет басшысы.
Нұрсұлтан Назарбаев Д.Медведевтің осы сапары Қазақстан мен Ресейдің ынтымақтастығын одан әрі дамытуға септігін тигізетіндігіне сенім білдірді.
Ресей Премьер-Министрі екі елдің арасындағы ынтымақтастықтың деңгейі өсіп келе жатқанына тоқталды.
«Біз шынымен де өте жақын серіктестерміз. Біздің алдымызда бастауында Сіз тұрған өте салиқалы интеграциялық жоба бар. Еуразиялық экономикалық одақтың келесі жылдан бастап жұмыс істейтіні өте маңызды. Осы сәтті пайдалана отырып, Сізді және достас Қазақстан халқын келе жатқан Тәуелсіздік мерекесімен құттықтауға рұқсат етіңіз», – деді Д.Медведев.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы