- Басты
- Жаңалықтар
- Н.Назарбаев пен Ли Кэцян ҚР мен ҚХР –ның өзара ықпалдастығы оң сипатта дамып келе жатқанын атап өтті
Н.Назарбаев пен Ли Кэцян ҚР мен ҚХР –ның өзара ықпалдастығы оң сипатта дамып келе жатқанын атап өтті
«Кездесу барысында екі елдің сауда-экономикалық, инвестициялық, отын-энергетикалық және көлік-транзиттік салалардағы ынтымақтастығының негізгі мәселелері талқыланды. Сондай-ақ халықаралық күн тәртібіндегі өзекті жайттар жөнінде пікір алмасылды», - делінген хабарламада.
Қазақстан Президенті Қытаймен арадағы қарым-қатынастардың қарқыны мен достық сипатына тоқталды.
«Біз ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинмен бірнеше рет кездестік, елдеріміздің әрі қарайғы ықпалдастығына қатысты көптеген мәселелерді талқыладық. Бұл байланыстар нақты экономикалық сипат алып отырды, олардың ең ірісі энергетикалық серіктестікте көрініс тапты. Бүгінде Қазақстан мұнайының едәуір бөлігі қытайлық компаниялардың қатысуымен өндіріледі. Біз Қазақстан арқылы экспорттық құбыр желісін салдық», – деді Мемлекет басшысы.
Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев екі елдің көлік-транзиттік салада табысты ынтымақтасып отырғанына назар аударды.
« «Қорғас» мемлекетаралық сауда орталығының құрылысын, сондай-ақ біздің еліміз арқылы транзитті қамтамасыз ету үшін теміржол және автокөлік жолдарын салу жөнінде бірлескен жұмыстар атқарылуда. Бұл орайда біз ҚХР Төрағасының Ұлы Жібек жолын жаңғырту, инфрақұрылымдық жобалар үшін тиісті қор және банк құру туралы бастамасын қолдаймыз», – деп атап өтті Мемлекет басшысы.
Ли Кэцян өз кезегінде Мемлекет басшысына ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің сәлемі мен игі тілектерін жеткізді, сондай-ақ екі елдің өзара ықпалдастығы оң сипатта дамып келе жатқанына тоқталды.
«Қытай халқы мен үкіметі атынан Сізді алдағы келе жатқан мерекемен –Қазақстанның Тәуелсіздігі күнімен шын жүректен құттықтағым келеді. Біздің елдеріміздің арасындағы ынтымақтастық өте жоғары деңгейде. Мен қазақстандық әріптестерімізбен қарым-қатынастарымызды бұдан әрі нығайту жөнінде пікір алмасуға әзірмін», – деді Ли Кэцян.
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері