Астанада тәуелсіздік күніне орай әскери атташелерді қабылдау өтті (ФОТО)

14 Желтоқсан, 2014 12:31
ҚР Қорғаныс министрлігінде шет мемлекеттердің әскери-дипломатиялық корпусын ресми қабылдауы ұйымдастырылды.

Қорғаныс министрлігінен хабарлағандай, ҚР ҚК бас штабы бастығының бірінші орынбасары генерал – майор Руслан Әлімов өз сөзінде әскери саладағы халықаралық ынтамақтастықтың дамуына қосқан үлесі үшін әскери атташелерге алғысын білдіріп, «әскери-дипломатиялық корпус шетелдік әскерилермен байланыс орнатуда маңызды топ», деп атап өтті.

Аталып өткендей, әскери атташелер институты жұмысының қорытындысы бойынша бірқатар халықаралық оқу жаттығулар өткізіліп, әскери техника саласында бірқатар келісім шарттарға қол қойылды.

Бүгінде Қазақстанда 30 астам елдің мүддесін қорғайтын әскери дипломаттар жұмыс істейді.

Барлық жаңалықтар