Тәуелсіздік күніне орай Ақмола облысында 10 нысан ашылады

14 Желтоқсан, 2014 11:28
Целиноград ауданында Тәуелсіздік күніне орай 10 нысан ашылады, деп хабарлады Ақмола облысының әкімдігі.

«Тәуелсіздік күні қарсаңында бірден 600 бүлдіршінге есептелген 4 жаңа балабақша пайдалануға беріледі. Олар Тайтөбе, Қажымұқан, Қызылжар мен Новоишимка ауылдарында орналасқан», - делінген хабарламада.

Сонымен қатар Қоянды ауылында ТКШ саласының екі нысаны пайдалануға беріледі.

Бұдан басқа, жақын арада Ақмол ауылының 36 отбасы жаңа үйдің кілтін қолдарына алады. Тағы 4 шағын аудан электр жүйесіне қосылады. Сондай-ақ, «Нұр Отан» партиясының Целиноград аудандық филиалының жаңа ғимараты салтанатты түрде ашылады деп жоспарлануда.

Айта кетерлік жайт, соңғы екі жылда Целиноград ауданында 18 жалпы білім беру мекемесі ашылды, оның 5 – мектеп, 13 - балабақша.

Барлық жаңалықтар