Тәуелсіздік күнінің маңызы шексіз – Есімов

14 Желтоқсан, 2014 11:02
Тәуелсіздік күні әрбір қазақстандық үшін ерекше бағалы әрі күнтізбедегі кезекті тарихи дата ғана емес - ол дербестік пен бірліктің символы, біздің мемлекетіміздің одан әрі дамуының берік негізі, деп ағынна жарылды Алматы әкімі Ахметжан Есімов Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне арналған салтанатты жиында.

Әкім тәуелсіздіктің алғашқы күндерінде-ақ Қазақстан әлемде болып жатқан түрлі процестерді сырттай бақылаушы ғана емес, өзін халықаралық өмірдің белсенді субьектісі ретінде көрсете білгендігін айтты. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың әлемдік қауіпсіздікті қамтамасыз ету, интеграциялық процесстерді дамыту, бірқатар ауқымды мәселелерді бірігіп шешу жөніндегі игі істері әлемдік қоғамдастықта ерекше құрмет тудыруда. Қазақстан бүгінгі таңда - ОБСЕ, СВМДА, ШОС, ЕАЭС және басқа да интеграциялық процестердің қозғаушы күші болып табылады.

Бүгінгі күні Бүкіләлемдік Банктің мәліметі бойынша Қазақстанда табыс адам басына шаққанда ортадан жоғары елдер қатарына жатады және ЖӨӨ көлемі бойынша әлемде 45 орынға ие. Биылғы жылы Бүкіләлемдік экономикалық форум бағасы бойынша Қазақстан әлеменің бәсекеге қабілетті елдер арасындағы рейтингте тағы да 50-ші орынды иеленді және дамуы жоғары елдер тобына енді.

«Тұрақтылық, межконфессионалды келісім - біздің басты көрсеткішіміз. Президент өзінің «Нұрлы жол» атты жолдауында айтып өткендей, өркениет емтиханынан бұдан былай да сүрінбей өту үшін бұрыннан мықтап қалыптасқан тұрақтылығымызды, толеранттылықты одан әрі нығайтып, барлық қазақстандықтар арасындағы өзара сенімді күшейте береміз. Бұл - Қазақстаннның одан әрі дамуының болашақ кілті», - деді Ахметжан Есімов.

Мегаполис басшысы атап өткендей, «тәуелсіздіктің алтын бесігі» атанған Алматының еліміз ғана емес, барлық Орта Азиялық өңірдің білім, қаржы-экономикалық және мәдени орталығы. Қалалықтардың жақсы тұрмысы үшін барлық жағдайлар жасалған. Құрылыс қарқыны өте жоғары, әлеуметтік инфрақұрылымдар - жаңа бала бақшалар, мектептер, емханалар, мәдени-спорттық обьектілер, тұрғын үйлер салынуда. Франция Президентінің елімізге ресми сапары аясында Алматыда Сорбонна-Қазақстан институты ашылып, әлемдегі екінші, ал Орта Азия өңірінде бірінші филиал болды.

«Тек биылдың өзінде ғана 1 млн. 300 мың шаршы метр тұрғын үй салынды, өткен жылмен салыстырғанда 30 пайызға көп, ал кеңестік дәуірмен салыстырғанда екі есеге артық. Мұндай көлемді құрылыс қала тарихында бұрындары болмаған, біз осы қарқынды одан әрі сақтап қалу үшін барлық күшті іске қосатын боламыз. Жол-транспорт инфрақұрылымы жақсаруда, метро дамуда, қоғамдық көліктің жұмыс сапасы артуда. Біздің міндетіміз - қалаға қосылған барлық тұрғындардың тұрмысын жалпы қалалық деңгейге көтеру, барлық қалалықтардың барынша жақсы әрі қауіпсіз өмір сүруін қамтамасыз ету», - деді Ахметжан Есімов.

Мегаполис басшысы Азия ойындары барысында салынған спорттық инфрақұрылымдар мен жинақталған тәжірибе 2017 жылы Алматыда болатын Универсиаданы ойдағыдай өткізуге ықпал ететіндігін ерекше атады.

Барлық жаңалықтар