- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақ тілі Google аудармашы жүйесінің бір бөлігіне айналды
Қазақ тілі Google аудармашы жүйесінің бір бөлігіне айналды
Аталып өткендей, «Google Translate» (Гугл аудармашы) аударма қызметіне қазақ тілін қосу жобасы «WikiBilim» қоғамдық қоры жүзе асырып жатқан қазақтілді интернетті дамыту бағдарламасының құрамдас бөлігі болып табылады. 2012 жылдың көктемінде аталмыш бастамаға аудармашы қызметін дамытумен айналысатын «Google» командасы қолдау білдіретіні жөнінде келісімге қол жеткізілген болатын. «Google» онлайн аударма қызметі статикалық аударма жүйесіне негізделген. Жаңа тілдің жүйеге енгізілуі үшін жүйеге енген тілдерден енгізілгелі тұрған тілге дәлме-дәл аударылған үлкен көлемдегі мәтіндер қажет. Әдетте, бұл шаруамен жаңа тілдің жүйеге енуіне мүдделі еріктілер айналысады. «Google» өз тарапынан қажет құралдармен қамтамасыз етіп, техникалық қолдау көрсетеді.
«Бұл екі жылдық жұмыстың нәтижесі. Әлемде қолданушылары көп және Google-дан лингвистикалық платформасы бар барлығы 90 тіл бар. Beeline компаниясы «Google Translate+Kazakh» жобасының басталғалы серіктесі болып табылады. Біз қазақ тілінің ғаламдық онлайн аудармашыға қосылуы интернеттегі қазақтілді мазмұнды және білім беруді дамытуға үлкен серпін береріне сенімдіміз» – деді «WikiBilim» қоғамдық қоры қамқорлық кеңесінің төрағасы Рауан Кенжеханұлы.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз» -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді