• Басты
  • Жаңалықтар
  • Е.Досаев Мәскеуде Қазақстанның ТМД-ға 2015 жылы төрағалық ету тұжырымдамасын таныстырды

Е.Досаев Мәскеуде Қазақстанның ТМД-ға 2015 жылы төрағалық ету тұжырымдамасын таныстырды

13 Желтоқсан, 2014 12:31
Қазақстан ТМД-ға қатысушы елдердің сауда –экономикалық қатынастарына сүбелі үлес қосқысы келеді, деп хабарлады ведомсвтоның баспасөз қызметі ҚР Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаевқа сілтеме жасай отырып.

«Қазақстанның ТМД-ға 2015 жылы төрағалық етуінің басты мақсаты Қазақстан Республикасының Президенті атап өткендей, қатысушы елдердің сауда –экономикалық қатынастарына сүбелі үлес қосу», - деді Е. Досаев.

Министр түсіндіріп өткендей, қазақстандық төрағалықтың негізгі мақсаты:Достастықтағы өзара сеніммен мен өзара түсіністікті нығайту, Ұйымның елеулі мәселелерді шешудегі ролін артыру, сауда-экономикалық қарым-қатынасын нығайту, Еркін сауда кеңістігі  туралы келісімнің әлеуетін арттыру болып табылады. Өндіріс, энергетика, көлік және коммуникация және өзгеде салалардағы байланыстарды дамыту және нығайту болып табылады.

«Келелі отырыс барысында Кеңес мүшелері Типті бекіту, метрологиялық атестациялау, өлеу құралдарын тексеру, ТМД қатысушы мемлекеттер аумағындағы көліктік қауіпсіздікті қамтамасыз ету туралы бірқатар зерттеу нәтижелерін бірлесіп мойындау туралы келісім жобаларын  мақұлдады», - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, бірнеше ұйымдастырушылық және бюджеттік-экономикалық мәселелер талқыланды.

Барлық жаңалықтар