• Басты
  • Жаңалықтар
  • Г.Әбдіқалықова: Халықаралық рейтингте Қазақстан әйелдерінің белсенділігі жоғары бағаланады (Фото)

Г.Әбдіқалықова: Халықаралық рейтингте Қазақстан әйелдерінің белсенділігі жоғары бағаланады (Фото)

12 Желтоқсан, 2014 17:59
Халықаралық рейтингте Қазақстан әйелдерінің белсенділігі жоғары бағаланады. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Әйелдер ісі және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның отырысы аясында БАҚ өкілдеріне сұхбат берген Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова мәлім етті.

Мемхатшы соңғы бес жыл ішінде Қазақстанда сәби өлімі үш есеге, ана өлімі бес есеге қысқарғандығын айтты.

«Алайда, әлемнің дамыған мемлекеттерінің қатарына ену үшін бізге бұл көрсеткішті барынша жақсарту қажет. 2015 жылы «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының қызметі аяқталады. Жаңа үкіметтік бағдарлама әзірленеді. Оның дайындалу барысында біздің ұсыныстар ескерілгенін қадағалаймыз», - деді Г.Әбдіқалықова.

 «Бүгінде халықаралық рейтингте Қазақстан әйелдерінің белсенділігі өте жоғары бағаланып отыр. Мемлекет басшысы әлемнің дамыған 30 елінің қатарына кіру мақсатын алға қойды. Біздің әйелдердің экономикада, саясатта, жалпы, бизнес қатысуы бойынша көрсеткіш жақсы бағаға ие болып отыр. Біз 30 бен 40-шы позицияның аралығында тұрмыз», - деді Мемлекеттік хатшы. 

Мемхатшы келер жылы 100 млрд теңге шағын және орта бизнеске бөлінетіндігін айтып өтті.

Камила Амирова 

Барлық жаңалықтар