- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР-да инфрақұрылымдық жобаларға әйелдерді барынша тарту керек – Мемхатшы
ҚР-да инфрақұрылымдық жобаларға әйелдерді барынша тарту керек – Мемхатшы
«2015 жылға арналған Әйелдер ісі және отбасылық-демографиялық саясат ұлттық комиссиясының жұмысы Жолдаудың басым бағыттары аясында өрбитін болады. Онда Жолдауды жан-жақты іске асыруға әйелдердің белсенді ат салысуына басымдылық беріледі. Жолдауда айтылған инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруда бұл жұмыстарға әйелдер қауымын көптеп тартып, олар арасындағы жұмыспен қамту деңгейін көбейтуіміз керек», - деді мемлекеттік хатшы.
Сонымен қатар, Мемлекеттік хатшының айтуынша, әйелдердің белсенді ат салысуы арқылы ел экономикасын әрі қарай дамытуға мүмкіндік мол.
«Жолдауды іске асыру барысында жаңа жұмыс орындарының ашылуы қажетті қабілеттерге ие дайындықтан өткен мамандарға қажеттілікті арттырады. Осы орайда әйелдер арасында сұранысқа ие мамандарды дайындау мен олардың біліктіліктерін арттырудың маңызы зор», - дейді Гүлшара Әбдіқалықова.
Шарада Ұлттық комиссияның 2015-2020 жылдарға арналған отбасылық қатынастар, моральдық-әдептік және рухани-адамгершілік құндылықтарды нығайту бойынша жалпыхалықтық жоспарды іске асыру жұмыстарының негізгі үйлестірушісіне айналатыны айтылды. Аталмыш бағыттағы жұмыстар үш басты мәселе бойынша жүзеге асырылмақ: отбасылық құндылықтарды нығайту, салауатты өмір салтын қалыптастыру мен жалпыға ортақ еңбек қоғамын құру.
Камила Амирова
-
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
Бақытжан Мәуленбердиев: Құтқарушы ең алдымен ержүрек әрі батыр болу керек -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Қажырлы қаламгер – Қалмұқан Исабаев -
Ауыл әкімін сайлау – жергілікті басқарудың реформасы -
Жаңа қаулы: Вакцинаны кімдер және қашанға дейін алу керек -
Отанға мінсіз қызмет ету – борышымыз -
Әйелдердің ауыл мен ауыл шаруашылығын дамытудағы рөлі -
М.Әбенов: Жер тек жұмыс істеймін деген азаматқа ғана жалға берілу керек -
Коронавируспен ауырғандар қанша уақыттан кейін вакцина алуы керек -
Кәсіпкер: COVID-19-дан қорғанудың ең тиімді әдісі – вакцина алу -
Тоқаев пpезиденттiгiне – 2 жыл: Қандай маңызды шешiмдеp қабылданды -
Сарапшылар пікірі: «Президент тапсырмасы – адам құқығын қорғау тетіктерін күшейтуге бағытталған»