- Басты
- Жаңалықтар
- Қостанайда физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі ашылды
Қостанайда физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі ашылды
Хабарламада айтылғандай, облыс әкімі Нұралы Сәдуақасов өңірдегі оқушылар, ата-аналар мен ғылыми-оқытушылық көпшілікті мерекемен құттықтады.
«Облыс оқушылары жыл сайын ғылыми жоба байқауларының, халықаралық және республикалық пән олимпиадаларында жоғары көрсеткіштерге қол жеткізуде. Тек өткен жылдың өзінде біздің оқушылар 190-нан астам түрлі олимпиадалар мен байқауларда, зияткерлік шараларға қатысып, 55 жүлделі орын алды. Менің ойымша, қатаң іріктеуден өткеннен кейін ғана мектептерімізге жұмыс істеуге келген оқытушылар облыс оқушыларын ғылыми жетістікке жетелемек», - дейді облыс әкімі.
Салтанатты шара барысында Зияткерлік мектеп оқушыларын қабылдау шарасы ұйымдастырылып, оқытушылар мен педагогтар таныстырылды. Балалар мен ата-аналар мектеппен етене танысып, оның бар әлеуетін көзбен көрді.
Айта кету керек, жаңа оқу ғимаратында ең үздік мамандар еңбек етпек. «Астана, Қарағанды, Көкшетау мен Қостанай облысы білім ошақтарынан 321 оқытушы іріктеліп, соның ішіндегі ең таңдаулылары дегендері жұмысқа қабылданды. Байқау комиссиясы мектепте жұмыс істеу үшін 1245 үміткерге ұсыныс беріп, Педагогтық шеберлік орталығы курсынан өткен мамандарға басымдылық берілді. Аталмыш ұстаздар 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап жұмысқа кіріспек. Сонымен қатар мектепте информатика, биология, химия, өнер, ағылшын тілі пәндерінен АҚШ, Австрия, ОАР елдерінен келген шет елдік мамандар еңбек етеді», - делінген хабарламада.
Сонымен қатар, 7 сыныптан бастап қабылдайтын мектепке іріктеу шаралары жаңа жүйе бойынша өтті. Ол АҚШ пен Нидерланды елдерінің әдістерімен бірлесе дайындалған.
Жаңа Зияткерлік мектеп 720 орындық. Жатақханадағы орын саны 120. Оқу блогында 58 кабинет бар, соның ішінде 18-і тіл кабинеттері болса, 5 кабинет физика мен химияға арналған. Тағы 9-ы математика, 4-еуі биология, одан кейін география, тарих, экология сынды пәндердің тиісті өз кабинеттері бар.
Мектеп нысанында жекелей сабақ беру аудиториясы, техникалық модельдеу, өнер технологиясы, психологиялық шыңдау, педагогикалық және ақпараттық технологиялар интеграциясы, бірқатар әмбебап кабинеттер, лекция залдары мен конференция залдары бар.
Спорт корпусында ірі және ұсақ зал бар. Үлкен спорт залы баскетбол, волейбол сынды спорт түрлеріне арналса, шағын залда гимнастикамен шұғылдануға болады. Сонымен қатар мектеп ауласында футбол алаңы мен өзге де спорт және ойын алаңдары бар.
Ақпараттық блогкта кітапхана, медиатека мен кітап қоймасы бар. Акт залы да осы блокта орналасқан. Онда аталмыш мақсатта қолдануға қажетті барлық құрылғылар қамтамасыз етілген.
Мектеп заманауи компьютер жүйесімен, мультимедиа кабинеттерімен, электронды-есептегіш машиналары құрылғыларымен, интерактивті электроды тақталарымен, жоғары жылдамдықты ғаламтормен, инновациялық бағдарлама құралдарымен жарақтандырылған.
-
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
Елордада Жеңіс Нұрлыбаевтың «Пандемия. Шектеу. Самғау...» атты жеке көрмесі ашылды -
Жол картасы аясында 5,5 мыңға жуық жұмыс орны ашылды -
Салық заңнамасындағы жаңашылдықтар -
6 шілде: Назарбаевтың өмірбаяны, еңбек жолы және үздік бастамалары -
Елордада Дина Нұрпейісованың ескерткіші ашылды -
Халықаралық стандарттарға сай учаскелік полиция пункті ашылды -
Зияткерлік олимпиадалар мен конкурстар өткізу процесіне енгізілген өзгерістер -
Елордада жас суретші Анар Әбжанованың жеке көрмесі ашылды -
Назарбаев халықаралық әуежайында Ashyq жобасы іске қосылды -
Қордай ауданында Инклюзивті білім беру ресурстық орталығы ашылды -
Маңғыстау облысында арматура өндіретін кәсіпорындар ашылды -
Қазақстандықтар Елбасы медалімен марапатталды -
Елордада журналистерге арналған ағылшын тілінде сөйлеу клубы ашылды