• Басты
  • Жаңалықтар
  • G-Global мен «жасыл экономиканы» дамыту Коалициясы «Арнасай -жасыл алқап» жобасын іске қосты

G-Global мен «жасыл экономиканы» дамыту Коалициясы «Арнасай -жасыл алқап» жобасын іске қосты

12 Желтоқсан, 2014 16:38
Жасыл технологияларды дамыту жетістігін көрсету мақсатында G-Global мен «жасыл экономиканы» дамыту Коалициясы «Арнасай -жасыл алқап» жобасын іске қосты, деді ОКҚ брифингінде «G-Global мен «жасыл экономиканы» дамыту Коалициясы» ЗТБ Төралқасының басшысы Айгүл Соловьева.

«Ақмола облысының Арнасай кентінде Коалицияның Білім тарату орталығы қызмет атқарады. Бұл орталықта азаматтарға «жасыл экономика» және жасыл кәсіпкерлік негіздері туралы оқу тәжірибелік жұмыстары жүргізіледі. «Арнасай -жасыл алқап» жобасының өзектілігі- Коалиция жүргізетін оқу шараларының тыңдармандары жасыл инновациялардың ауылдық өмірге келтіретін пайдасына көз жеткізе алады. Жоба аумағында жарық үнемдейтін шам, күн коллекторы, пиролиздық пеш, күн кептіргіші және тағы да басқа қол жетімді және қарапайым жаңалықтар қызмет атқаруда», - деді А.Соловьева.

Оның айтуынша, Коалицияда әрдайым жаңартылып отыратын Қазақстанның жасыл компаниялар тізімі бар. Сонымен қатар, бүгінгі күні Коалиция жасыл инновациялар тізімін ұйымдастырған бірден бір институт болып табылады.

«Қазіргі таңда бұл тізім өңдеуден өтуде, алдағы уақытта www.g-global-expo.org порталында бірыңғай автоматтандырылған жүйе бойынша рәсімделіп, интернет қолданушыларға қол жетімді түрде ұсынылады. Осы тізімдер арқылы қолданушы технологияларды салыстырып, өнер тапқыштар туралы барынша ақпараттар мен жаңа инновациялық мағлұматтар алу мүмкіншіліктеріне ие болады», - деді ол.

Жасыл технологиялар жетістіктерін көрсету мақсатында Коалиция «Арнасай -жасыл алқап» жобасын іске қосты.

Коалиция мемлекет аумақтарында нақты жобаларды жүзеге асырып, жасыл технологиялар,әсіресе ауылдық мекендерде өмір сапасын жоғарлататынына көз жеткізді.Сондықтан, жаңа инновациялар жаңа мыңжылдық экономикасының негізіне айналу керек.

«Коалиция «жасыл экономика» бойынша озық қоғамдық институт ретінде «жасыл тәсілдер» кәсіпкерлікте репликациялық сипатқа ие болу керек деп есептейді. Сол себепті осындай конкурстар арқылы  кәсіпкерлердің жағымды жасыл тәжірибелерін тауып, мемлекет бойынша тарату қажет», - деді ол.

Индира Қауметова 

Барлық жаңалықтар