• Басты
  • Жаңалықтар
  • «Экологиялық достастық бизнесі» байқауына өтініштер 2015 жылдың 31 наурызына дейін қабылданады

«Экологиялық достастық бизнесі» байқауына өтініштер 2015 жылдың 31 наурызына дейін қабылданады

12 Желтоқсан, 2014 16:13
Қазақстанның кәсіпкерлері «Экологиялық достастық бизнесі-2015» екінші республикалық конкурсына 2015 жылдың 31 наурызына дейін өтініштер бере алады, деп «Жасыл экономиканы» қолдау және G-Global-ды дамыту Коалициясы» ЗТБ атқарушы директоры Асхат Сүлейменов ОКҚ өткен брифингіде мәлімдеді.

«Жасыл экономиканы» қолдау және G-Global-ды дамыту Коалициясы» ЗТБ мемлекеттегі жасыл технологияларды белсенді түрде таратушы ретінде 2014 жылдың 1 қарашасында екінші Республикалық «Экологиялық достастық бизнесі» конкурсының басталғаны туралы жариялады.

Коалиция «жасыл экономика» бойынша озық қоғамдық институт ретінде «жасыл тәсілдер» кәсіпкерлікте репликациялық сипатқа ие болу керек деп есептейді. Сол себепті осындай конкурстар арқылы  кәсіпкерлердің жағымды жасыл тәжірибелерін тауып, мемлекет бойынша тарату қажет. Сонымен қатар, аталмыш конкурстың мемлекетте жасыл технологияларды енгізу бойынша уәждеме құралы ретінде мәні бар.

«Конкурсқа кәсіпкерлер мен орта және кіші кәсіпкерлік ұйымдары қатыса алады. Өтінімдер  2015 жылдың 31 наурызына дейін қабылданады. Өтінімдер су ресурстары, энергетика қорлары, қалдықтар, ТҚШ және «жасыл» құрылыс, органикалық ауыл шаруашылығы, көлік атаулары бойынша қабылданады», - деп хабарлады А.Сүлейменов.

Алғашқы рет мемлекеттегі «жасыл кәсіпкерлерді» анықтау конкурсы 2014 жылы Коалицияның бастамасымен сәтті ұйымдастырылды.  VII Астана экономикалық форумы шеңберінде Қазақстанның ең үздік жасыл кәсіпкерлері 7-атау бойынша марапатталды. Конкурс қорытындысы бойынша Коалициямен алғашқы «Қазақстанның жасыл компаниялары» атты каталогы  мен фильмі шығарылды.  

Индира Кауметова

Барлық жаңалықтар