Қазақстан мен Үндістан әскери ынтымақтастықтың аясын кеңейтуде (Фото)

12 Желтоқсан, 2014 19:18
Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – ҚР ҚК Бас штабының бастығы генерал-полковник Сәкен Жасұзақовтың Делиге ресми сапары барысында Үндістан Қарулы Күштері жоғары қолбасшылық құрамымен екіжақты кездесулер болып өтті, деп хабарлады қорғаныс министрлігі.

 Кездесулерде өңірлік және ғаламдық қауіпсіздік мәселелері талқыланып, әскери және әскери-техникалық салалардағы ынтымақтастықтың бағыттары мен тиімді түрлері айқындалды.

 «Екіжақты байланыстардың қазіргі деңгейі, Қазақстан мен Үндістан өзара іс-қимылының кең диапазоны әскери және әскери-техникалық ынтымақтастық аясын кеңейтуге нақты негіз болып табылады», - деп санайды С. Жасұзақов

Тараптар Қазақстан мен Үндістан армиялары Құрлық әскерлері, Әскери-теңіз, Әскери-әуе күштері арасындағы өзара іс-қимылдың келешегі зор екенін атап өтті. Қазақстандық делегация Үністанға сапары барысында қорғаныс өнеркәсібі кешенінің кәсіпорындарында болып, қару-жарақ пен әскери техника шығаратын желілермен танысты. 

 

Барлық жаңалықтар