- Басты
- Жаңалықтар
- Н.Назарбаев: «Арселор Миттал» компаниясының негізгі стратегиялық міндеті - болат өндірісін 6 миллион тоннаға дейін ұлғайту
Н.Назарбаев: «Арселор Миттал» компаниясының негізгі стратегиялық міндеті - болат өндірісін 6 миллион тоннаға дейін ұлғайту
Кездесу барысында компанияның Қазақстандағы қызметінің негізгі бағыттары талқыланды.Мемлекет басшысы «Арселор Миттал» жұмысының оң нәтижелеріне тоқталды.
« Жалпы, компания шығаратын өнімдерге деген бағаның көтерілуі нәтижесінде көрсеткіштердің жақсаруы, табыстың көбеюі байқалуда. Негізгі стратегиялық міндет бұрынғысынша болат өндірісін 6 миллион тоннаға дейін ұлғайту болып қала бермек», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Қазақстан Президенті сондай-ақ компанияда жұмыспен қамтылған еңбеккерлерді әлеуметтік тұрғыдан қолайлы жағдайлармен қамтамасыз етудің маңыздылығына назар аударды.
«Қазір ең басты нәрсе – өндірісте жұмыс істейтіндердің әлеуметтік көңіл-күйі. Менің теміртаулық металлургтермен және қарағандылық кеншілермен қарым-қатынасым ерекше. Сондықтан, жұмыс орындары қысқарып, жалақы төленбей жатса, олар тікелей маған хабарласады», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Л.Миттал компания инвестицияларды еселеу арқылы өндірісті дамытуды жалғастырып жатқанын айтты.
«Әлемдік экономикадағы тұрақсыздыққа қарамастан, «АрселорМиттал Теміртау» қызметі соңғы 4 жылда ұдайы кеңейіп отырды. Біз жылына орта есеппен 350 миллионнан 400 миллион долларға дейін инвестиция салдық. Домна пештері мен орталық зауыттағы өндірісті жақсартып, аясын кеңейту жұмыстарын жалғастырдық», – деді компания басшысы.
Соңында компанияның ел экономикасындағы маңызды рөлі мен оның индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының екінші бесжылдығына қатысуының қажеттігі атап өтілді.
-
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
QAZFORUM: Интернет сайттардың міндеті, «Инфодемия» мәселесі және «Фактчекинг» талабы -
17 миллионнан аса адам санақ сауалдарына жауап берді -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері -
Өндірістегі жазатайым оқиғалардан болатын өлім-жітім 12,3%-ға төмендеді -
Маңғыстауға Қостанай облысынан 32 миллион теңгеге тегін мал азығы әкелінеді -
Жолдау-2021: Ғылым саласындағы негізгі өзгерістер -
ЕАЭО дамуының негізгі бағыттары -
Қазақстандағы миграцияның негізгі тенденциялары -
Жаңа қаулы: Вакцинаны кімдер және қашанға дейін алу керек -
2022 жылдың мамырына дейін қызыл төлқұжатты ауыстыру науқаны жүреді -
Қазақстан мен Үндістан арасындағы стратегиялық серіктестік пен өзара ынтымақтастық -
2025 жылға дейін еңбек нарығына қосымша 1 млн-ға жуық жалдамалы жұмыскер қажет болмақ -
Миллионға жуық қазақстандық коронавирусқа қарсы вакцина салдырды