• Басты
  • Жаңалықтар
  • Тәуелсіздік күніне орай «Парасат» холдингі 6 үздік инновациялық жобаны марапаттады

Тәуелсіздік күніне орай «Парасат» холдингі 6 үздік инновациялық жобаны марапаттады

12 Желтоқсан, 2014 13:05
Бүгін «Парасат» холдингінде ҚР-ның Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты кеш өтті, онда «Парасатты жас ғалым» республикалық жас ғалымдар байқауының жеңімпаздары марапатталды.

Айта кетерлік жайт, ағымдағы жылы байқауға Қазақстанның түкпір-түкпіренен жас ғалымдардың 60-тай жобасы келіп түсті.  Байқау комиссиясының өлшемдеріне байланысты олардың ішінен үздік деп 6 жоба таңдалынып алынды.

«Жас ғалымдардың алдыңғы қатарлы жүйесін қалыптастыру, олардың кәсіби біліктілігін арттыру және жастардың техникалық-инновациялық қызметін ынталандыру мақсатындағы байқау осымен екінші жыл қатарынан холдингтің қолдауымен өткізіліп келеді. Сайысқа Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген еліміздегі 13 жоғарғы оқу орнының өкілдері - жас ғалымдар қатысты. Жалпы, ағымдағы жылдың 14 қыркүйегінен бастап минералды ресурстарды терең өңдей, сейсмология, су ресурстары, энергетика, фармацевтика, ақпараттық-коммуникациялық технология саларындағы 59 жоба келіп түсті», - деді  «Парасат» холдингі басқарма төрағасының орынбасары және конкурстық комиссияның төрағасы Біржан Мәдиев.

Индира Кауметова

Барлық жаңалықтар