- Басты
- Жаңалықтар
- Сотталған адамдардың жұмыспен қамтылғандарының санын 2018 жылға дейін 75 %-ға жеткізу жоспарланған
Сотталған адамдардың жұмыспен қамтылғандарының санын 2018 жылға дейін 75 %-ға жеткізу жоспарланған
«Тәуелсіздік алғаннан бері Қазақстан Республикасы жүйелі негізде және дәйекті түрде қылмыстық-құқықтық қатынастарды, соның ішінде қылмыстық жазалауды атқару саласында ізгілендіру саясатын жүргізіп келе жатқандығын атап көрсетіп, ағымдағы жылы еліміздің пенитенциарлық жүйесін ізгілендіру және ырықтандыру үрдістерін одан әрі дамытуға бағытталған жаңа Қылмыстық, Қылмыстық процестік және Қылмыстық атқару кодекстерінің қабылдануы осы бағыттағы маңызды қадам болды», - Мемхатшы.
Гүлшара Әбдіхалықова жиынға қатысушыларды келе жатқан ұлттық мейрам – Тәуелсіздік күнімен құттықтап, жылы лебізін білдірді. Мемлекеттік хатшы атап өткендей, еліміздің Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Стратегиялық бағдары адамның толыққанды дамуына қажетті барлық жағдайды жасауға, оның құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыруға, материалдық әл-ауқатын жан-жақты көтеруге бағытталған.
Форум жұмысы барысында қатысушылар сотталған адамдардың жұмыспен қамтылғандарының санын 2018 жылға дейін 75 %-ға жеткізуді көздейтін «Колониялардағы жұмыспен қамту-2017» атты PRI әзірлеген жобаны талқылады. Сондай-ақ олар жобада ұсынылып отырған заңнаманы және еңбек қызметін ұйымдастыру тәжірибесін жетілдіру, колониялардың өндірістік базаларын және оқыту жүйесін дамыту, бизнес құрылымдарын тарту жөніндегі шараларды талқылады. Жоба авторларының пікірінше, бұл шаралар, тұтастай алғанда, алға қойылған міндеттерге қол жеткізуге ықпал етпек.
ҚР Мемлекеттік хатшысы Г.Әбдіхалықова форумға қатысушыларға арнап сөйлеген сөзінде тәуелсіздік алғаннан бері Қазақстан Республикасы жүйелі негізде және дәйекті түрде қылмыстық-құқықтық қатынастарды, соның ішінде қылмыстық жазалауды атқару саласында ізгілендіру саясатын жүргізіп келе жатқандығын атап көрсетіп, ағымдағы жылы еліміздің пенитенциарлық жүйесін ізгілендіру және ырықтандыру үрдістерін одан әрі дамытуға бағытталған жаңа Қылмыстық, Қылмыстық процестік және Қылмыстық атқару кодекстерінің қабылдануы осы бағыттағы маңызды қадам болғандығына тоқталды.
Сондай-ақ ол бас бостандығынан айыру орындарындағы еңбектің айрықша маңызына тоқтала келіп, аты аңызға айналған Бейбітшілік саласындағы Нобель сыйлығының иегері, 27 жыл бойы тар камерада жападан жалғыз қамауда болған Нельсон Манделаның ауыр тағдырын мысалға келтірді. Адам төзбес қиындықтарға қарамастан, күнделікті еңбектену мүмкіндігінің арқасында Мандела өзіне және өз күшіне сенімін сақтап қана қоймай, сотталғандардың сауатын ашқан.
Форум аясында сотталған адамдарды түзету және қоғамға бейімдеу, еңбекке дағдыландыру және дамыту мәселелері бойынша сындарлы пікір алмасылды. Жиынға қатысушыларға «Сотталғандар үшін 100 жұмыс» атты іс-тәжірибелік құрал мен «Колониялардағы жұмыспен қамту-2017» жобасын жүзеге асыратын іс-шаралардың жоспары бойынша ҚР Үкіметі қаулысының жобасы таныстырылды.
-
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
Pfizer: «Препараттың қауіпсіздігіне алаңдауға не күмәндануға негіз жоқ» -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
А.Цой: Коронавируспен ауырған адамдардың 96 %-ы вакцина алмаған