- Басты
- Жаңалықтар
- 2020 жылға дейін суландырылған жайылымдар көлемі 32 млн гектарға жетеді-Мамытбеков
2020 жылға дейін суландырылған жайылымдар көлемі 32 млн гектарға жетеді-Мамытбеков
«Агробизнес-2020» бағдарламасы аясында облыстардың орналасу аймағы мен мамандандырылуын есепке ала отыра, ауыл шаруашылығының барлық салаларын, оның ішінде жемшөп өндірісін дамыту бойынша шеберлік жоспарлары әзірленді. Оның негізгі мақсаты: мал шаруашылығы саласын тұрақты дамуына нақты жемшөп базасын құру; өнімділіктің техника-экономикалық параметрлерін арттыру мақсатында ауыл шаруашылығы мал басын азықтандырудың толымдылығын, тұрақтандырылғанын және жемшөп деңгейін арттыру жолдарын анықтау; 2020 жылға дейін 4,0 мың құдық салу арқылы суландырылған жайылымдардын көлемін 32 млн. гектарға арттыру», - деді ауыл шаруашылығы министрі.
Өз сөзінде министр Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 29 сәуірдегі №421 Қаулысымен инвестициялық субсидияландыру бағдарламасы «Агроөнеркәсіптік кешен субъектісі инвестициялық салынымдар кезінде жұмсаған шығыстардың бір бөлігінің орнын толтыру бойынша субсидиялау қағидалары» бекітілгенін мәлімдеді.
«Бағдарлама арқылы сүтті және етті бағыттағы ірі қара мал шаруашылығында шырынды азықтарды дайындауға арналған суландыру жүйесін құруға кеткен шығындарды 50%-ға дейін, шахталық және құбырлық құдықтардың құрылысына кеткен шығындардың 80%-на дейін субсидияландыру қарастырылған», - дейді.
Одан басқа, фермерлік шаруашылықтарды қолдау мақсатында ірі қара мал, жылқы және қой шаруашылығымен айналысатын тауарлық фермаларға жемшөп дайындау техникасын алуға кеткен шығындардың 50%-ы субсидияландырылмақ.
-
Коронавирусқа қарсы вакцина алғандар саны 8 млн-нан асты -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды -
Машина жасау: Өндіріс көлемі, экспорт және саланың өзекті мәселелері -
Маңғыстауға Қостанай облысынан 32 миллион теңгеге тегін мал азығы әкелінеді -
COVID-19: АҚШ-та бір аптада млн-нан астам адам коронавирус жұқтырды, Болгарияда шектеу шаралары енгізілді -
Токио-2020: Спортшылардың олимпиададағы нәтижесіне талдау жасалды -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және МӘМС жүйесі -
Машина жасау: Автомобиль құрастыру, металл өнімдері және өндіріс көлемі -
Жаңа қаулы: Вакцинаны кімдер және қашанға дейін алу керек -
Қазақстанда 7 млн-нан астам азамат вакцина алды -
COVID-19: 4 млн-нан астам қазақстандық вакцина алды -
2022 жылдың мамырына дейін қызыл төлқұжатты ауыстыру науқаны жүреді -
2020 жылғы республикалық бюджеттiң атқарылуы: Пандемия қалай әсер етті