- Басты
- Жаңалықтар
- «ҚазМұнайГаз»-дың үздік 20 маманы мараптталды
«ҚазМұнайГаз»-дың үздік 20 маманы мараптталды
«Астанадағы бұл шараға әр аймақта орналасқан «Ембімұнайгаз», «Өзенмұнайгаз», «ҚазГерМұнай», «ҚазТрансОйл», «ҚазТрансГаз-Аймақ», және тағы басқа еншілес компаниялардан 20-ға жуық бұрғылаушы, оператор, машинист, слесарь мамандықтарының үздіктері жиналды», - делінген хабарламада.
С. Мыңбаев жиналғандарды Тәуелсіздік мерекесімен және байқауға жеңіске жетулерімен құттықтап сөз сөйледі. ««ҚазМұнайГаз» үшін адамдар мен олардың шеберлік таланты табысты бизнестің басты көрсеткіші саналады. Компания әрқашан өз жұмысшыларын неғұрлым маңызды ресурс ретінде қарастырады. Сондықтан да олардың тұрмысы мен еңбек жағдайларын жақсарту саясатын жүргізіп келеді. Компания қызметкерлері үшін де, компания жұмыс істейтін аймақ тұрғындары үшін де бірқатар әлеуметтік бағдарлы жобаларды енгізу үшін аз күш жұмсаған жоқ», -деді өз сөзінде Басқарма төрағасы Сауат Мыңбаев.
Мұнайгаз секторына республикамыздың бірқатар аймақтарының экономикалық дамуы тікелей тәуелді. Өз кезегінде, мұнайшылардың әлеуметтік жағдайы осы дамудың тұрақтылығын айқындайды.
Шара соңында өз мамандығының үздігі атанған жұмысшыларға арнаулы медальдар табысталды.
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Жолдау-2021: Ластану деңгейі жоғары 10 қаладағы атмосфералық ауаны жақсарту шаралары -
COVID: Қытайда «дельта» штамын жұқтырғандар саны артты, Үндістанда күніне 200-ден астам адам көз жұмуда -
Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының 20 жылдағы жетістігі -
Жолдау-2021: Салықтық әкімшілендіруді күшейту шаралары -
2021 жылдың басынан бері 12,5 мың этникалық қазақ қандас мәртебесін алды -
Жолдау-2021: Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасының бағыттары, жүзеге асуы -
Жолдау-2021: Ғылым саласындағы негізгі өзгерістер -
Жолдау 2021: Мемлекеттік қаржылыны тұрақтандыру және өңірлерді дамыту шаралары -
Жолдау-2021: Экономиканың сапалы өсуін қамтамасыз ету шаралары -
Үздіксіз білім берудің әлеуеті қалай -
Токио-2020: Спортшылардың олимпиададағы нәтижесіне талдау жасалды -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
Сайлау-2021: Бақылау комиссиясы қорытынды жасады