• Басты
  • Жаңалықтар
  • Павлодар облысында ҮИИД МБ аясында жаңа кен байыту фабрикасы іске қосылды

Павлодар облысында ҮИИД МБ аясында жаңа кен байыту фабрикасы іске қосылды

12 Желтоқсан, 2014 14:32
Бүгін облыс әкімі Қанат Бозымбаев Индустрияландыру картасының кезекті жобасы - «Fonet Er-Tai AK MINING» ЖШС кен байыту фабрикасын іске қосу рәсіміне қатысты, деп хабарлады облыс әкімдігі.

Өндіріс ошағының жылдық қуаттылығы 500 мың байыту кені және 26 мың тонна мыс флотоконцентратын құрайды. Инвестициялық жобаны жүзеге асыруға 2,7 млрд теңге жұмсалған. Өнім Қазақстанның қажеттілігін өтеумен қатар, сыртқы нарыққа да бағытталмақ.

Өңір басшысы кен байыту фабрикасының негізгі басымдылықтарының бірі оның «Аяқ-Қоджан» кен орнында орналасуы деді. Бұл кен тасымалдау шығындарын айтарлықтай азайтып, кен орнының экономикалық тартымдылығын арттыруға  мүмкіндік береді. Осы жылғы қыркүйектен бері мұнда мыс шығару зауыты жұмыс істеп келсе, енді мыс байыту фабрикасы іске қосылды. ҮИИД мемлекеттік бағдарламасы аясында іске асырылып отыр.

Павлодар облысы Индустрияландыру бағдарламасының белсенді қатысушысы болып есептеледі. Өңірде барлығы 87 жоба жүзеге асырылуда, оның 63-і сәтті жұмыс істеп, нәтиже беруде.

Мәселен, биыл Индустрияландыру картасы жобаларының өнімдері өнеркәсіп саласында 13,6 пайызды құрады.

Осы бағдарламаның екінші бесжылдығы аясында 2020 жылға дейін инвестиция көлемі 1,1 трлн теңге болатын 19 жобаны іске қосып, 5 мыңға жуық жұмыс орнын ашу жоспарлануда.

Барлық жаңалықтар