- Басты
- Жаңалықтар
- ШҚО-да «500 кВ-тық Солтүстік-Шығыс-Оңтүстік транзитінің құрылысы» жобасы қарқынды жүзеге асырылуда - Школьник (ФОТО)
ШҚО-да «500 кВ-тық Солтүстік-Шығыс-Оңтүстік транзитінің құрылысы» жобасы қарқынды жүзеге асырылуда - Школьник (ФОТО)

Ол атап өткендей, Мемлекет басшысының жаңа экономикалық саясат бағдары ретіндегі «Нұрлы жол» атты Жолдауына сәйкес нақты тапсырма - «Екібастұз-Семей-Өскемен» және «Семей-Ақтөбе-Талдықорған-Алматы» бағыты бойынша жоғары вольтты желілерін салу міндеті қойылды.
Аталған жоғары вольтты желілер ірі ауқымды «500 кВ-тық Солтүстік-Шығыс-Оңтүстік транзитінің құрылысы» жобасының құрамдас бөлігі болып табылады. Жоба ұзындығы шамамен 1500 км болатын 500 кВ-тық жоғары вольтты электр жеткізу желілері мен 500 кВ-тық үш жаңа Семей, Ақтоғай және Талдықорған қосалқы станцияларын қамтиды. Жоба екі кезеңмен жүзеге асырылатын болады және 2018 жылы аяқталады. Жобаның құны шамамен 120 млрд. теңге.
«Электр энергия тапшылығы проблемасын шешу үшін Екібастұз-Семей-Өскемен электр энергия тарату желісінің құрылысы жобасы жүзеге асырылуда. КЕGOC-тың жеке қаржысынан бөліп отырған инвестиция көлемі - 43,50 млрд теңге. Желі 500 Кв есептелген және аймақты электр энергиямен қамтамасыз ету көлемін 540 КВт-қа арттырып, ШҚО-да тау металургия кешені мен Ақтоғай ТБК дамытуға қолайлы жағдай жасайды. Екінші жоба Семей -Ақтөбе- Талдықорған - Алматы желісінің құрылысы. Оған 8,5 млрд теңге жеке қаржы мен КЕGOC-тың «Халықтық ІРО» бағдарламасы аясындағы шығарылған инфрақұрылымдық облигациялар арқылы - 68 млрд теңге қарызға алынады», - деді энергетика министрі.
ШҚО-ның Ақпараттық орталығының мәліметі бойынша, құрылыс кезеңінде 1,8 мыңнан астам жаңа жұмыс орындары, ал жоба аяқталған бойда - 97 тұрақты жұмыс орны ашылатын болады.
-
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады
-
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы
-
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады
-
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады
-
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр
-
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда
-
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері
-
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады
-
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді
-
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген
-
Жануарларды қорғау: Заң жобасындағы өзгерістер мен жануарларды ұстау кезіндегі қойылатын талаптар
-
Индустрияландыру картасы шеңберінде қандай жобалар жүзеге асып жатыр
-
Азаматтарды әлеуметтік қорғау: Заң жобасына енгізілген өзгерістер мен оның мүмкіндіктері
-
«Нұрлы жол» бағдарламасының жүзеге асуы
-
Жолдау-2021: Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасының бағыттары, жүзеге асуы

