Н.Назарбаев пен Т.Бах ынтымақтастықтың болашағын талқылады

12 Желтоқсан, 2014 09:01
Елбасы Халықаралық олимпиада комитетінің президенті Томас Бахпен телефон арқылы сөйлесті.Әңгіме барысында Қазақстанның Халықаралық олимпиада комитетімен ынтымақтастығының қазіргі ахуалы мен болашағы талқыланды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Т.Бах қазақстандық олимпиадашылардың соңғы жылдардағы табыстарының көрсеткіші болып отырған еліміздегі спортты дамыту шараларына жоғары баға берді.

Алматының 2011 жылғы Азия ойындарын және өзге де халықаралық спорттық шараларды ұйымдастырудағы оң тәжірибесі атап өтілді.

Мемлекет басшысы Халықаралық олимпиада комитетінің 7-9 желтоқсанда Монакода өткен 127-сессиясының табысты қорытындыларына ризашылығын білдірді. 

Барлық жаңалықтар