• Басты
  • Жаңалықтар
  • «Қазақстанның болашағы - қазақ тілінде» жобасы аясында 18 шара ұйымдастырылды (Фото)

«Қазақстанның болашағы - қазақ тілінде» жобасы аясында 18 шара ұйымдастырылды (Фото)

11 Желтоқсан, 2014 17:34
Мемлекеттік тілдің өрісін кеңейту үшін қазақ тілді зиялылардың ғана еңбек етуі жеткіліксіз, олармен қоса орыс тілді азаматтардың да осы шараға үлес қосуы керек, деп Астанада өткен «Қазақстанның болашағы - қазақ тілінде» жобасы бойынша қорытынды брифингте белгілі саясаткер Дос Көшім мәлімдеді.

«23 жылдық тәуелсіздік кезеңінде мемлекеттік тілдің мүддесіне жұмыс істейтін бастамалар көтерілді. Мемлекеттік тілдің өрісін кеңейту үшін қазақ тілді зиялылардың ғана еңбек етуі жеткіліксіз, олармен қоса орыс тілді азаматтардың да осы шараға үлес қосуы керек», - дейді Д.Көшім.

Естеріңізге сала кетейік, ҚР   Мәдениет және спорт министрлігінің Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті Қазақстанда тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы  шеңберінде еліміздің солтүстік өңірлерінде орыс тілді азаматтарға «Қазақстанның болашағы - қазақ тілінде» атты шара өткізді. Жоба 18 шара ұйымдастырды.

«Елдегі қазақ тілі мен орыс тілі арасындағы жағдайды ұлтаралық мәселе ретінде қарастырып, саяси сипат берудің қажеті жоқ, бұл бар болғаны лингвистикалық жағдай. «Қазақ тілді», «орыс тілді» дегенде біз ешқашан ұлттық ерекшеліктерін меңземейміз. Өйткені қазақ тілді халықтың арасында өзге ұлттар  баршылық, сол секілді орыс тілді халықтың 5 млн-ға жуығы қазақтардың өздері», - дейді ол.

Естеріңізге сала кетейік, Елбасы мемлекеттік тілді барша Қазақстан халықтарының басын біріктіретін бірден-бір факторы екенін атап өткен болатын.

Бауыржан Мұқанов 

Барлық жаңалықтар