• Басты
  • Жаңалықтар
  • ҚР Премьер-Министрі К.Мәсімов ҚР ҰКП Төралқасының кеңейтілген отырысына қатысты

ҚР Премьер-Министрі К.Мәсімов ҚР ҰКП Төралқасының кеңейтілген отырысына қатысты

11 Желтоқсан, 2014 16:47
Бүгін ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Төралқасының кеңейтілген отырысына қатысты,деп хабарлады Премьер-Министрдің ресми сайты.

Отырыс барысында ҰКП басқармасының жасаған жұмысы туралы есеп, сондай-ақ ҰКП Төралқасы Комитеттері және кәсіпкерлердің өңірлік палаталары төрағаларының баяндамалары тыңдалды.

Өз сөзінде Кәрім Мәсімов ағымдағы жылы Үкімет пен кәсіпкерлер арасында Ұлттық палата арқылы конструктивті диалог қалыптасқанын атап өтті.

«ҰКП өкілдері әрдайым Үкімет отырыстарына және басқа да кеңестерге қатысып, қандай да бір мәселеге қатысты өз көзқарастарын білдіріп отырады. Енді бастысы мемлекет пен бизнес арасындағы осы байланыс арнасын сақтап, күшейту қажет», - деді К.Мәсімов.

Барлық жаңалықтар