Алматыда жаңа өрт сөндіру депосы ашылды

11 Желтоқсан, 2014 17:19
Бүгін Алатау ауданында жаңа өрт сөндіру депосы ашылды. Өрт сөндіру бөлімшесінің ашылуына қала әкімі Ахметжан Есімов, ҚР ІІМ-нің төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы, генерал-майор Валерий Петров, сондай-ақ құрылымдар мен ведомстволар басшылары қатысты, деп хабарлады қала әкімдігі.

Мегаполис басшысы алты жыл ішінде Алатау ауданында әлеуметтік тұрмыстық обьектілер - мектептердің, ауруханалардың, емханалардың, бала бақшалардың, тұрғын үйлердің салынғандығын атап өтті.

«Осында 2017 жылы Универсиада өтеді. Сол үшін ең үлкен спорттық нысандар 12 мың орынды Спорт Сарайы, оның жанынан 5 мың орынды Атлеттер ауылы салынуда. Яғни, аудан дамып, өсіп келеді. Демек, біз оны барлық инфрақұрылымдармен, соның ішінде өрт сөндіру депосымен қамтамасыз етуге тиіспіз» , - деді Ахметжан Есімов.

Қала әкімі алматылық өрт сөндірушілер гарнизонының барынша жауынгер, мобильді және матриалдық жағынан қамтамасыз етілген бөлімше екендігін атап өтті.

 

Барлық жаңалықтар