- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР мен АҚШ-тың стратегиялық серіктестігі жаңа деңгейге шығуда - СІМ
ҚР мен АҚШ-тың стратегиялық серіктестігі жаңа деңгейге шығуда - СІМ
«Жақында ғана журналистер алдында сөз сөйлеген Дж. Керри Қазақстанды Тәуелсіздіктің 23 жылдығымен құттықтап, екіжақты серіктестіктің кең ауқымды жиынтығын тілге тиек ете отырып «Құрама Штат пен Қазақстанның арасындағы қарым-қатынас аймақтағы ең маңыздысы және Қазақстанның тікелей көшбасшылығына алғыс білдіреміз», деп атап өтті», - делінген хабарламада.
Келіссөздер аясында АҚШ мемлекеттік хатшысы Қазақстанның тұрақты сыртқы саясаты мен стратегиялық серіктестікті нығайтатын қарым-қатынасына жоғары баға берді. Ол Қазақстанға ЕХРО-2017 халықаралық көрмесін өткізуге қолдау көрсететінін жеткізді.
АҚШ-тың сыртқы саясат ведомствосының басшысы Қазақстанның Дүниежүзілік Сауда Ұйымына (ДСҰ) қолдау көрсететінін тағы бір ескертті. Жалпы, тараптар кездесу барысында дүниежүзінің күн тәртібіндегі басты мәселелерді көтерді.
Бұдан басқа, ҚР СІМ Ерлан Ыдырысов АҚШ-қа іс сапары аясында өзгеде лауазымды тұрғалармен кездесіп бірқатар келелі мәселелердің бетін ашты. Атап айтар болсақ, ведомство басшысы Ақ үйде АҚШ Президентінің Кеңесшісі Сюзан Райспен, Президенттің ұлттық қауіпсіздік бойынша Кеңесшісі Тони Блинкенмен, сауда және энергетика министрлерінің орынбасарлары Б. Эндрюс және Э. Шервуд-Рандалмен кездесті.
Дәл сол күні Е. Ыдырысов америкалық және халықаралық бұқаралық ақпарат құралдарына бірқатар сұхбаттар берді. Онда Қазақстан мен Америка Құрама Штаттарының өзара қарым-қатынасы мен негізгі халықаралық проблемаларға, оның ішінде Украинаға көзқарасы талқыланды.
-
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды