- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанда бас бостандығынан айырылғандардың жартысынан көбі ақылы жұмыспен қамтылған (Брифинг бейнебаяны)
Қазақстанда бас бостандығынан айырылғандардың жартысынан көбі ақылы жұмыспен қамтылған (Брифинг бейнебаяны)
«Бүгінгі таңда Қазақстанның абақтыларында 42 мың жазасын өтеуші бар, олардың 27 мыңы немесе 62% еңбекке жарамды. Алайда олардың ресми түрде ақылы жұмыспен 52% қамтылған», - деп мәлімдеді Б. Жақаев.
Берік Жақаевтың айтуынша, бүгінде абақтыға шағын бизнесті тарту ұсынылуда.
«Біздің келесі ұсынысымыз жаңа жұмыс орындарын ашу үшін түрмеге жеке бизнесті тарту. Егер біз бизнес үшін қолайлы жағдай жасайтын болсақ онда олар инфрақұрылымға ақша салады, заманауи техниканы орнатады. Еңбек - адамды тәрбиелеу құралы, сондықтан да біз олардың қызығушылығын тудыруымыз керек», - деді ол.
Бұдан басқа, Б. Жақаевтың сөзіне сенсек, Қазақстанда сотталғандар мен бостандыққа шыққандар үшін арнайы оқу құралы жасақталған.
«Жүз кәсіп бойынша арнайы оқу құралы жасақталған, онда әр кәсіпке 2-3 бет берілген және олардың қыр-сыры, оларды қалау ашуға болатыны және экономикалық есеп жайлы жан-жақты ақпарат беріледі. Айта кетерлік жайт, онда жазасын өтеушілерге бос уақытын қалай өткізуге болатыны туралы көптеген идеяларға толы арнайы бөлімдер де бар», - деп түйді Б. Жақаев.
Индира Кауметова
-
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Италияда пандемияның төртінші толқыны басталды, ЕО Украинаны «жасыл тізімнен» шығарды -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері