- Басты
- Жаңалықтар
- Қ.Жақыпов: Вьетнам Оңтүстік-Шығыс Азиядағы Қазақстанның маңызды серіктесі болып есептеледі
Қ.Жақыпов: Вьетнам Оңтүстік-Шығыс Азиядағы Қазақстанның маңызды серіктесі болып есептеледі
Қабиболла Жақыпов Вьетнам Қазақстанның Оңтүстік-Шығыс Азиядағы маңызды серіктесі болып табылатынына және екіжақты қарым-қатынасты өркендетуге зор мүмкіндіктің бар екендігіне тоқталды.
Қабиболла Жақыпов пен Нгуен Ван Хоа Кеден Одағы мен Вьетнам арасында еркін сауда Аймағын қалыптастырудың маңызын атап өтті. Тараптардың көзқарасы бойынша ол екі ел арасында тауар айналысын ұлғайтуға жол ашатын болады.
Өз кезегінде Вьетнам Елшісі Қазақстан «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясатының арқасында бүгінгі заманның барлық қауіптеріне қарсы тұра алатына сенімділігін білдірді және алдағы уақытта елімізге табыс тіледі.
Мәжіліс Төрағасы дипломатқа Президенттің «Қазақстан-2050» Стратегиясын заңнамалық қамтамасыз ету үшін жасалып жатқан істерден хабардар етті.
Өз кезегінде дипломат парламентшілердің Қазақстан мен Вьетнам арасындағы экономикалық қатынастарды дамытудың құқықтық негізін жасау жолындағы еңбектерін жоғары бағалады.
Кездесу қорытындысында Нгуен Ван Хоа Мәжіліс Төрағасына Вьетнам Социалистік Республикасы Ұлттық жиналысының Төрағасы Нгуен Шинь Хунганың еліне ресми сапармен шақыруын табыстады.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы -
Қазақстанның геология саласын дамыту шаралары -
Тоқаев пpезиденттiгiне – 2 жыл: Қандай маңызды шешiмдеp қабылданды -
Қазақстанның сайлау жүйесінің трансформациялануы -
Жаһандық рейтингтегі Қазақстанның аналитикалық орталықтары -
Қазақстанның білім беру нысандары қалай күзетіледі -
Мектеп қауіпсіздігі – маңызды міндет -
Қазақстанның бейбіт бастамалары -
Тоқаев «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпаздарымен кездесуге қатысты -
Түркістан декларациясы – Қазақстанның дипломатиялық жетістігі -
Педагогтерге алғаш рет «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» мемлекеттік наградасы табыс етілді
-
Л.Рамазанова: Жаһандық дағдарысты еңсеруде, экономиканы ілгерлетуде әйелдер маңызды рөл атқарады -
Пандемияға 1 жыл: Қазақстанның денсаулық сақтау саласы өзгерді - дәрігер