- Басты
- Жаңалықтар
- Сенат тұрғын үй қатынастарына қатысты заң жобасын Мәжiлiс қарауына қайтарды
Сенат тұрғын үй қатынастарына қатысты заң жобасын Мәжiлiс қарауына қайтарды
«Заң жобасы жемқорлық қылмыстарға жол ашатын нормаларды жою, «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңдары мен заңнамалық актілерінің нормалары арасындағы қайшылықтарды анықтау мен оны алып тастау арқылы тұрғын үй заңнамасын ары қарай жетілдіруге бағытталған. Парламент Мәжілісі мақұлдаған заң жобасы арқылы алты заңнамалық актіге өзгерістер мен толықтырулар енгізу қарастырылған», - делінген экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің қорытындысында.
Заң жобасы сонымен қатар коммуналды қызмет көрсету саласына да түзетулер енгізеді. Жетім балалар мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар арасында пәтерлерді тарату үшін кемінде 20 пайыз көлемінде жеңілдік бекітіледі. Мұнда тұрғын үймен қамтамасыз етудің бірінші кезекті құқығы сақталады.
Сенаттың тұрақты комитетінің ескертулері мен ұсыныстарын ескере отырып заң жобасын талқылау барысында Мәжілістің мақұлдаған заң жобасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажеттілігі анықталды.
Комитеттің хабарлауынша,коммуналдық тұрғын үй қоры немесе жергілікті атқарушы органдардың жалға беретін үйі кезегіне мұқтаж азаматтарды кезекке қоюда тұрғын үй қорында облыстық маңызы бар қалаларда кемінде үш жылдық тіркеуде тұру талабын алып тастап, мұны тек Алматы мен Астана қалаларына ғана қатысты сақтау керектігі айтылды.
Сонымен қатар, заң жобасының қағидаларын жеткізу мақсатында Қазақстан Республикасының «Атқарушы өндіріс пен сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Заңының 42 және 44 баптарында Қазақстан Республикасы аумағындағы жалғыз тұрғын үйге меншік құқығынан мәжбүрлі айыру кезінде әлеуметтік әлсіз топтағы азаматтарды жылыту маусымы кезінде шығарып тастауға тыйым салынбақ.
Камила Амирова
-
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
Отандық ғалымдар жаралар мен күйіктерді емдеуге арналған инновациялық құралдар әзірледі -
МӘМС: Сақтандырылмаған тұрғындар кімдер және олар қалай тіркеледі -
Еліміздің қай өңірлерінде сапалы ауыз суға қатысты проблема бар -
Есірткі қылмысымен күрес: зерханаларды жабу, сайттарды бұғаттау және заңсыз жарнамалау мәселелері -
Жануарларды қорғау: Заң жобасындағы өзгерістер мен жануарларды ұстау кезіндегі қойылатын талаптар -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Қоғамдық кеңестердің қызметі, заңға енгізілген өзгерістер мен Kazkenes.kz порталының жұмысы -
Зейнетақы жүйесіне қандай өзгерістер енгізілмек -
Халық санағы: Үй аралау кезіндегі ерекшеліктер, аралық қорытынды және қауіпсіздік шаралары -
Сенатор: Журналистердің мәртебесін заңды түрде арттыру қажет