• Басты
  • Жаңалықтар
  • Тәжікстан өкілдері электрондық үкіметті құрудың қазақстандық тәжірибесін үйренді

Тәжікстан өкілдері электрондық үкіметті құрудың қазақстандық тәжірибесін үйренді

11 Желтоқсан, 2014 12:18
Тәжікстан Республикасы мемлекеттік органдарының өкілдері Қазақстандағы «электрондық үкімет» құру тәжірибесін үйрену үшін Астанаға келді, деп хабарлады электрондық үкіметтің ресми порталы.

Тәжікстан делегациясымен кездесу аясында, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ  өкілдері «электрондық үкімет» порталы, электрондық құжат айналымы жүйесі, «Е- лицензиялау» жүйелері және «e-Learning» жұмысын көрсетті, сондай-ақ Қазақстан Республикасының ақпараттандыру саласындағы бірыңғай техникалық саясатын іске асыру жөніндегі тәжірибесімен бөлісті.

Сонымен қатар, Астананың қонақтарына Халыққа қызмет көрсету орталықтарының ықпалдастырылған ақпараттық жүйесі қалай жұмыс істейтіндігі туралы айтылды.

Барлық жаңалықтар