- Басты
- Иманбаев: «Зайырлы қоғам және асқақ руханият» қағидаты -қазақстандықтарды біріктіретін басты құндылық
Иманбаев: «Зайырлы қоғам және асқақ руханият» қағидаты -қазақстандықтарды біріктіретін басты құндылық

«Зайырлы қоғам және асқақ руханият» қағидаты -қазақстандықтарды біріктіретін басты құндылық, деп мәлімдеді Елбасының Қазақстан халқына арналған Жолдауы туралы пікірінде ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Дін істері комитетінің басқарма басшысы Мейрам Иманбаев.
«Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан жолы - 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауында еліміздің салт-дәстүрі мен мәдени нормаларына сәйкес келетін діни түсінік қалыптастыру міндетіне басымдық бере отырып «Зайырлы қоғам және асқақ руханият» қағидатын барлық қазақстандықтарды біріктіретін басты құндылықтардың бірі ретінде атап көрсетуі Қазақстан қоғамының алдынан туындап отырған заманауи сын-тегеуріндерді көрсетіп отыр», - дейді М.Иманбаев.
Оның айтуынша, мұндай стратегиялық міндеттерді еліміз тұрғындарының бойында дін мәселелері бойынша нақты бағдар қалыптастыруға мүмкіндік беретін істерді жүзеге асырғанда ғана қол жеткізуге болады.
«Біз осы ретте зайырлылық ұғымынан туындайтын қатынастар мен құндылықтардың мынадай түсінігін терең ұғынуымыз қажет: халықтың тарихи дамуында екі-үш ұрпақ бойы өзінің өміршеңдігін көрсеткен және сол халықтың сан ғасырлық дәстүрлерімен біте қайнасып кеткен жалпыадамзаттық құндылықтар және соған негізделген өмір сүру қағидаттары - заманауи елдерге ортақ дәстүрді құрайды. Осы желіде айтар болсақ, халқымыздың тарихы мен салт-дәстүрінен туындайтын құндылықтармен қатар, азаматтардың тең құқықтығынан бастау алатын ер адамдар мен әйелдердің қоғамдық ортада бірдей құқықтар мен міндеттерге ие болуы, азаматтардың білім алу және өз мүмкіндіктерін кеңінен жүзеге асыра алуы, дінді ұстану-ұстанбау еркіндігі және басқа да заманауи құндылықтар біздің төл дәстүрімізге айналған қағидаттар деуге болады. Бір қарағанда қарапайым болып көрінгенімен осынау іргелі құндылықтар еліміздегі бірнеше ұрпақтың өмірінің сабақтастығын қамтамасыз етіп, бүгінгі күнде мемлекетіміздің демократиялық сипатын айқындайтын негізге айналды», - деп мәлімдеді басқарма басшысы.
Сөз соңында дін саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруда ел тұрғындарына мемлекеттің зайырлы қағидаттарын насихаттауға, қоғамдық және діни мүдделердің ақылға қонымды тепе-теңдігіне қол жеткізуге бағытталған түсіндіру жұмыстарына басымдық бере отырып, Елбасының «біз Қазақстан зайырлы мемлекет екенін ұмытпауымыз керек. Біз елдің дәстүрлері мен мәдени нормаларына сәйкес келетін діни сана қалыптастыруымыз керек» деген ойын басшылыққа алу керектігін баса айтты.
Бауыржан Мұқанов
-
МӘМС: Кімдер тіркелді, халыққа қандай көмек көрсетілді және қордың пандемия кезіндегі жұмысы
-
Сенаторлар пікірі: «Парламент қоғамдағы мәселелердің шешімін табатын орталыққа айналмақ»
-
Тоқаев: Парламент қоғамдағы даулы мәселелерді шешетін орынға айналу керек
-
Әлеуметтiк-экономикалық даму-2020: Пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі, сауда айналымы және инвестиция
-
Сайлау учаскелерінде қоғамдық тәртіп қалай бақыланып жатыр
-
Елімізде Парламент Мәжілісі және мәслихат депутаттарын сайлау басталды
-
«Қоғамдық кеңестер туралы» заңға қандай өзгерістер енгізілді
-
ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің 2020 жылғы қорытындылары
-
Зейнеткер және қандас куәліктері енді eGovMobile қосымшасында қолжетімді
-
Балаларға арналған демалыс және бейімдеу орталықтарын ұйымдастыру бойынша жобалар акселерациядан өтті
-
Тоқаев қазақстандықтарды Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады
-
Қазақстан және Канада: келешегі мол ынтымақтастық
-
Назарбаев қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады
-
Әуе шабуылына қарсы қорғаныс басымдықтары: техникалық жабдықтау және жаңарту
-
ҚР экономикасы: Экспорт, импорт, инвестиция және экономиканы қолдау шаралары

