- Басты
- Жаңалықтар
- Нгуен Ван Минь: ҚР Президентінің негізігі бастамалары- қазіргі жаңа ғаламдық қауіп-қатерге дер кезіндегі жауап
Нгуен Ван Минь: ҚР Президентінің негізігі бастамалары- қазіргі жаңа ғаламдық қауіп-қатерге дер кезіндегі жауап
«Шара барысында ҚР Елшісі Б.Жумаханов университет басшылығын және орталық қызметкерлерін Жолдаудың негізгі қағидаларымен таныстырып, аталған құжат дүниежүзілік экономика мен саясаттың тұрақсыздығы кезеңіндегі «Қазақстан-2050» ұзақмерзімді Стратегиясының басым мақсаттары уақытылы іске асыру үшін негіз болып келетін Қазақстанның тұрақты дамуының ойластырылған стратегиясы болып табылатыны аталып өтті», - делінген хабарламада.
Жолдауда көрсетілген жаңа экономикалық саясат Қазақстанның әлемнің ең дамыған 30 мемлекетінің қатарына кіру бойынша негізгі стратегиялық мақсатты уақытылы орындау, сондай-ақ Үдемелі индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасын тездетіп орындау үшін жағымды жағдай жасауға бағытталғаны аталып өтілді.
Сонымен қатар, қазақстандық дипломат аталмыш Жолдау елдегі инвестициялық белсенділікті ынталандыру мен бизнесті қолдау бойынша тиімді шараларды көздейтінін, сондай-ақ көлік-логистикалық инфрақұрылымның, белсенді дамуына қолғабыс ететінін айтып кетті, оның ішінде «құрғақ» және теңіз порттарының торабын құру.
ҚР Елшісі өзінің сөз сөйлеуінде оған қоса ҚР Президенті Н.Назарбаев «Ұлытау төріндегі ой-толғау» сұхбатында көтерген негізгі тезистерді жан-жақты және сарыла баяндады. Қатысушыларға Қазақстанның мәдени-тарихи мұрасы мен қоғамдық дамуының негізгі фактілері, сондай-ақ тіл, мемлекеттілік, дәстүрлер мен дін проблемаларына байланысты мәселелер және оларды шешу жолдары жөнінде жеткізілді.
Іс-шара вьетнамдық қатысушылар тарапынан зор қызығушылық тудырды. Ханой Ұлттық педагогикалық университетінің ректоры Нгуен Ван Минь Елбасымыздың жүргізіп отырған саясатын, сондай-ақ Қазақстанның қазіргі жағдайдағы әлеуметтік-экономикалық дамуын жоғары бағалады. Оның пікірінше, құжатта баяндалған ҚР Президентінің негізігі бастамалары қазіргі жаңа ғаламдық қауіп-қатерге дер кезіндегі жауап болып келеді, бұл өз кезегінде ел экономикасының тиімді өсуіне септігін тигізеді.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
17 миллионнан аса адам санақ сауалдарына жауап берді -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
Цифрлы экономиканы дамытудағы деректерді өңдеудің өзектілігі -
МӘМС: Сақтандырылмаған тұрғындар кімдер және олар қалай тіркеледі -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер -
Жануарларды қорғау: Заң жобасындағы өзгерістер мен жануарларды ұстау кезіндегі қойылатын талаптар -
Шетелдік сарапшы: “Елбасы мен ел президентінің съезді өткізудегі еңбегін жоғары бағалаймын”